1. Басты бет
  2. Тарихтағы тұлғалар
  3. Нұрмұханбетов Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы (15.05.1935 - 12.06.2016)
Нұрмұханбетов Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы (15.05.1935 - 12.06.2016)

Нұрмұханбетов Бекмұханбет Нұрмұханбетұлы (15.05.1935 - 12.06.2016)

Археолог
Профиль
Негізгі басылымдардың тізімі

Нұрмұханбетов Бекмұханбет 1935 жылы 17 мамырда Алматы облысы Ақсу ауданы Қарасу ауылында (бұрынғы «Еңбек» колхозы) дүниеге келген. 1962 жылы ҚазМУ-ды бітірген соң, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының археология бөлімінде лаборант болып жұмысқа қабылданды. 1957 жылы бірінші курсты аяқтағаннан бастап Іле, кейіннен Жетісу археологиялық экспедицияларына жыл сайын қатысты. 1971 жылдан бастап Б. Нұрмұханбетов Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының (ОҚКАЭ) қатысушысы болды, Отырар оазисіндегі жерлеу ескерткіштерінде археологиялық жұмыстар жүргізетін отрядқа басшылық етті, Бөріжар қорымы, Көк-Мардан және Мазраты-Мардан қорымдарын қазды. К.А. Ақышевпен бірге әйгілі Есік обасын қазды. Жетісу аймағында археологиялық зерттеулер жүргізіп, Тарих, археология және этнография институтының құрылыс археологиялық экспедициясын басқарды. Оның басшылығымен бұрын белгісіз болған бірнеше көне некрополь ашылды. Б. Нұрмұханбетов 40-тан астам ғылыми жұмыс жариялаған. Ол Есік қаласындағы Алматы облыстық өлкетану музейін ұйымдастыруға қатысты.

Бекмұханбет Нұрмұханбетов 2016 жылы 12 маусымда Алматы облысы Есік қаласында қайтыс болды.
 

Нурмуханбетов Б.Н. Исследование могильника Кок-Мардан // АО- 1979. - М., 1979. - С. 438-439.
Нурмуханбетов Б.Н. Могильник Мардан - погребальный памятник ранних земледельцев Отрарского оазиса // Прошлое Казахстана по археологическим источникам. - Алма-Ата, 1976. - С. 130-136.
Нурмуханбетов Б.Н. Некоторые итоги раскопок Борижарского могильника // По следам древник культур Казахстана. - Алма-Ата, 1970. - С. 108-120.
Нурмуханбетов Б.Н. Раннемусульманское кладбище городища Куйруктобе // В глубь веков. - Алма-Ата, 1974. - С. 85-94.