1. Басты бет
  2. Тарихтағы тұлғалар
  3. Берденов Сергей Алданович (1957-2010)
Берденов Сергей Алданович (1957-2010)

Берденов Сергей Алданович (1957-2010)

Археолог
Профиль
Негізгі басылымдардың тізімі

Берденов Сергей Алданұлы 1957 жылы 9 тамызда Краснодар қаласында дүниеге келген. 1980 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіріп, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының археология бөліміне инженер қызметіне қабылданды. С.А. Берденовтың ғылыми қызметінің негізгі бағыты қола және ерте темір дәуіріндегі ежелгі тау-кен ісі мен металлургия болды.

1985-1987 жылдары Сергей Алданұлы КСРО Ғылым академиясы Археология институтының табиғи-ғылыми әдістер зертханасында тағылымдамадан өтті. 1988-1991 жылдары осы зертханада аспирантурада оқыды. Ол Жетісу, Алматы, Орталық Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедицияларына қатысты.

«Қазақстанның тау-кен металлургиялық аймағы (рудалық көздер мәселесі)» тақырыбымен жұмыс істеу барысында С.А. Берденов қола дәуірінің металлдарына, ежелгі кеніштер мен қоныстардан алынған руда және қож үлгілеріне қатысты компьютерлік дерекқор жасады.

2010 жылы қайтыс болды.
 

Берденов С.А. Казахстанская горно-металлургическая область // Вопросы археологии Казахстана. - Алматы-М., 1998. - Вып. 2. - С. 180-190.
Берденов С.А. Древнее горное дело Казахстана // Древнейшие этапы горного дела и металлургии в Северной Евразии. Каргалинский комплекс: матер. симпозиума. - М., 2002.
Берденов С.А. Казахстанские месторождения меди и олова и их разработка в бронзовом веке // Известия НАН РК. Серия обществ. наук. - 2008. - № 1 (254). - С. 42-55.