
Ақынжанов Сержан Мұсатайұлы
Ақынжанов Сержан Мұсатайұлы 1939 жылы дүниеге келді. 1964 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін «археология» мамандығы бойынша үздік бітірді. 1965-68 жылдары Қазақ ССР Ғылым академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында аспирантурада оқыды. 1973 жылы С.М. Ақынжанов «Қыпшақтар және олардың Хорезммен XI-XIII ғасырлардағы саяси байланыстары» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 1977 жылдан бастап Тарих институтының Археология бөлімінде аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді, ал 1984 жылдан бастап ТАЭИ-ның археологиялық технология лабораториясының меңгерушісі болды. С.М. Ақынжанов көшпелілер туралы ғылыми-теориялық негіздерді әзірледі, бұл зерттеулердің нәтижелері оның монографиялық еңбектерінде көрініс тапты. Ол көптеген жылдар бойы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының жекелеген топтарын басқарды. 1982-1986 жылдары Шүлбі және Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясын басқарды. 1989 жылы Германияның Ганновер қаласында өткен «Далалық Еуразияның көшпелілері» халықаралық көрмесінде Қазақстанның тарихи ғылымын таныстырды.
Ақынжанов С.М. ортағасырлар тарихы мен Қазақстан археологиясы бойынша 50-ден астам ғылыми және ғылыми-зерттеу еңбектерінің авторы.
1991 жылы қайтыс болды.
Ахинжанов С.М. К вопросу о знаках на керамике позднесредневекового Отрара // Древности Казахстана. - Алма-Ата, 1975. - С. 49-59.
Ахинжанов С.М. Об этнической принадлежности каменных изваяний в «трехрогих» головных уборах из Семиречья // Археологические памятники Казахстана. - Алма-Ата, 1978. - С. 65-79.
Ахинжанов С.М. Археологические памятники в зоне строительства Шульбинской ГЭС (в соавторстве). – Алма-Ата, 1987.
Ахинжанов С.М. Проблемы палеоэкономики Казахстана по археологическим данным. – Алма-Ата, 1988.
Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. - Алма-Ата, 1989.
Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. - Алматы, 1995. 2-е издание.