
Агеева Евгения Ивановна (1916-1966)
Евгения Ивановна Агеева 1916 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Жұмфакты бітіргеннен кейін Ленинград мемлекеттік университетінің тарих факультетіне оқуға түсіп, 1941 жылы оқуын аяқтады. Оқу кезінде Е.И. Агеева А.Н. Бернштам басшылық ететін Жетісу археологиялық экспедициясының жұмыстарына белсенді қатысқан. Оның алғашқы еңбектері Шу аңғарындағы Сарыг және Якалығ қалашықтарындағы соғысқа дейінгі қазбалардың нәтижелеріне арналған.
1941 жылы ЛГУ-ды бітіргеннен кейін, Евгения Ивановна Алматыға көшіп, алғашқы кезде Қорықтар мен ескерткіштерді қорғау басқармасында және Қазақстанның Орталық музейінде жұмыс істеді, ал 1947 жылдан бастап ҚазКСР ҒА Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында қызмет атқарады. Е.И. Агеева көптеген жылдар бойы Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Жетісу археологиялық экспедицияларын басқарды. Оның жүргізген қазбалары Баба-Ата және Тараз қалашықтарында ортағасырлық Қазақстанның қалалық мәдениеті туралы көп әрі жаңа материалдар берді. Сондай-ақ, көптеген обалар мен қорымдарды ашып, зерттеді. Бұл зерттеулер Евгения Ивановнаға Қазақстан үшін маңызды көшпелілер мен егіншілер арасындағы қарым-қатынастар мәселесін зерттеуге елеулі үлес қосуға мүмкіндік берді.
Оңтүстік Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық қыш ыдыстары оның 1953 жылы Мемлекеттік Эрмитажда қорғаған кандидаттық диссертациясының тақырыбы болды. Сонымен қатар, Жетісудағы усунь дәуірінің жерлеу ескерткіштерін жинау, жүйелеу және талдау бойынша үлкен жұмыстар атқарды. Е.И. Агееваның «Қазақстан археологиялық картасы» (Алматы, 1960) атты еңбекті дайындауда қосқан үлесі ерекше. Сонымен қатар, ол кісі библиографиялық жұмыстарыға көп уақыт және назар аударды. «Қазақстан тарихы бойынша библиография» (революцияға дейінгі кезең) жұмысы ерекше маңызды. Евгения Ивановна Қазақстанның археологиясы мен ежелгі тарихының көптеген аспектілерін қамтитын барлығы 42 еңбек жариялады, Оның еңбектерінде мұқият талдау мен тарихи қорытындының кеңдігі үйлесім тапқан.
Евгения Ивановна Агеева 1965 жылғы 25 ақпанда Алматы қаласында қайтыс болды.
Агеева Е.И.
Агеева Е.И. Из истории оседлых поселений и городов // Труды ИИАЭ АН КазССР. – 1958. - Т. V. - С. 3-215.
Агеева Е.И. Библиография по археологии и древней истории Сырдарьи и Семиречья // Труды ИИАЭ АН КазССР. - 1959. - Т. 7. Археология. - С. 270-307.
Агеева Е.И. Новые данные по археологии Семиречья // КСИИМК. - М., 1960. - № 80. - С. 65-69.
Агеева Е.И. Из истории развитиия городской культуры Казахстана // Известия АН КазССР. Серия истории, археологии и этнографии. - 1960. - Вып. 2 (13). - С. 63-78.
Агеева Е.И. Памятники средневековья (раскопки на городище БабаАта) // Труды ИИАЭ АН КазССР. - 1962. - Т. 14. - С. 117-153, 166-215.