
Медведев Олег Викторович
Медведев Олег Викторович 1931 жылы 21 қаңтарда РСФСР-дың Сахалин облысы, Охинск ауданы, Москалево ауылында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін «Казсельэлектро» зауытына жұмысқа орналасқан, 1951-1954 жылдары Совет армиясы қатарында әскери бөлімнің фотографы ретінде қызмет етті. 1955-1959 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының тарих, археология және этнография институтының археологиялық экспедицияларында штаттан тыс фотограф ретінде жұмыс істеді. 1960 жылы ТАЭИ-на аға лаборант-фотограф болып қабылданды, ал 1969 жылы инженер-фотограф қызметіне ауыстырылды.
Оның жұмыстары арқасында "Алтын адам" табылған "Есік" обасы және Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның басқа да бірегей археологиялық ескерткіштері жоғары дәлдікпен құжатталған; Ә.Х. Марғұланның «Орталық Қазақстанның Беғазы-Дәндібай мәдениеті» монографиясына және «Қазақ КСР тарихы» бес томдығына иллюстративті материалдардың репродукциясын жүзеге асырыды.
1973 жылы Олег Викторович Қазақстандағы алғашқы мамандандырылған археология музейін ұйымдастыруға белсенді қатысты: ол мұражай экспонаттарын – палеолит дәуірінің тас құралдарын, керамикалық ыдыстарды, ағаштан, қоладан, күмістен және алтыннан жасалған бұйымдарды суретке түсірді. Оның фотосуреттері Археология музейінің алғашқы каталогының негізі болды. Олег Викторович археологиялық ескерткіштерді далада және зертханада түсірудің жаңа әдістерін меңгеріп, табысты қолданды. Мысалы, 1963 жылы О.В. Медведев Жетісудағы археологиялық қазбалар туралы әуесқой фильм жасауға қатысты.
Ол институттың қоғамдық өміріне белсене араласып, «Тарихшы» институттық газетінің фототілшісі болды. Оның қажырлы және байқалмайтын еңбегі арқасында археологтардың өмір сәттері, далалық тіршілігі мен қиын жұмысы түсірілді. 1969-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясында белсенді жұмыс атқарды. Көп жылдар бойы Олег Викторович фотопленкаларды каталогтау, ОҚКАЭ аналогтық фотоархивін құрумен айналысты, Отырар қалашығы мен Отырар оазисінің ескерткіштерін қазу жұмыстары басталған 1969 жылдан 2010 жылға дейін белсенді жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта О.В. Медведев зейнеткерлік демалыста.