
Қиясбек Ғалымжан Қиясбекұлы
2000 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих факультеті, археология және этнология бөлімін тәмәмдады.
2002 жылы Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультетінің магистратурасын «тарих» мамандығы бойынша бітірді.
2018-2021 жылдар арасында Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих факультетінде PhD докторантурасын «Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірі археологиялық ескерткіштерін зерттеудегі ГАЖ» тақырыбы бойынша аяқтады.
2002 жылдан бүгінгі күнге дейін Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында жетекші инжинерден бастап, аға ғылыми қызметкер лауазымында еңбек етіп келеді. Батыста Маңғыстау, Жайықтан бастап, шығыста Алтай-Тарбағатай арасында 80-нен аса түрлі экспедицияларға қатысып келеді. Сол далалық зерттеулердегі сызба-графикалық және геодезиялық жұмыстарды атқара жүріп, қорымдар мен басқа да археологиялық нысандардың, атап айтсақ: Берел, Шілікті, Есік, Елекесазы, Беғазы, Бұғылы-1 және 2, Бесоба, Сегізсай (Лебедевка), Қырықоба, Тақсай-1,2,3,4, Сарыкөл, Көкентау, Семейтау қорымдарының, Қызылүйік, Тасастау, Айғырлы, Қатем, Ақпан ғибадатханаларының, Сарайшық қалашығы мен Белдеулі керуен-сарайының, Ақбауыр тарихи-табиғи музейінің топографиялық және орналасу жоспарларын жасап шыққан. Халықаралық қазақ-француз (Берел қорымы, 1998-1999жж.), қазақ-моңғол археологиялық жобаларында түрікке дейінгі (Хуттыг-уул, Арханғай аймағы, 2009ж.) және көне түрік (Шивээт-улаан, Бұлғын аймағы, 2015ж.) ескерткіштерін зерттеуге белсенді атсалысқан. Студент кезінде (1998ж) Польша еліндегі және Мысыр (Египет, 2005ж.) елдерінде тағлымдамалардан өткен. Қазақстанның әр өңірлеріндегі түрлі мұнай, газ және құрылыс көмпанияларының өндірістік учаскелеріндегі барлау-бақылау және апаттық-құтқару жұмыстарына белсенді қатынасқан. Сонымен қатар археологиялық нысандарды анықтау, тарихи, мәдени маңызын анықтайтын құжаттау және паспортизациясын жасау, қорғау аймағын анықтап, сызу секілді шараларды да атқаруда.
Бірқатар «Қызылүйік ғибадатханасы» (2011), «Қазақ Алтайы ежелгі көшпелілерінің мәдениеті тарихындағы Берел» (2018), «Ғасырлар тоғысындағы түркі халықтары әлемінің діни-мифологиялық сипаты» (2020) сияқты монографиялардың бірлескен авторы.
ҚР БҒМ ҒК-нің гранттық және бағдарламалық-мақсаттық қаржыландыру жобаларын іске асыруға белсенді қатысады.
Ғ. Қиясбектің негізгі ғылыми қызығушылығы – Қазақстанның ерте темір дәуірі, ГАЖ және археологиядағы басқа да жаңа әдістерді қолдану мәселелері болып табылады
https://kaznu.academia.edu/GalekeQmyrza
https://orcid.org/0000-0003-1531-4742
https://www.scopus.com/freelookup/form/author.uri?st1=Kiyasbek&st2=Galymzhan#
Scopus деректер базасында индекстелген журналдардағы мақалалар:
Doumani Dupuy P.N., Zhuniskhanov A.S., Bullion E.A., Kiyasbek G.K., Tashmanbetova Kh.Zh., Rakhmankulov E.Z., Isin A.I. The newly discovered bronze age site of Koken: Merging micro-regions with major study zones in the high steppes of Kazakhstan // Journal «Archaeological Recearch in Asia». Vol. 7 (27). 2021.
ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдардағы мақалалар:
1. Қиясбек Ғ. Қазақ Алтайы ежелгі өнеріндегі грифон бейнесі // ҚР ҰҒА-ның Хабарлары. Қоғ. Ғыл-р сериясы. №1(239). 2003.
2. Самашев З., Цэвэндорж Д., Оңғар А., Қиясбек Г., Этхтор А., Ахметов М, Базылхан Н. Моңғолиядағы көне түріктердің Шивээт Улаан ғұрыптық-еске алу кешеніндегі жұмыстардың басталуы // Мәдени мұра. 2015. № 6 (63). 96–105 бб.
Монографиялар:
1. Самашев З., Оңғар А., Оралбай Е., Қиясбек Ғ. Қызылүйік ғибадатханасы. Астана: «REGRAPHICA» баспасы, 2011. 200 бет.
2. Самашев З., Чотбаев А., Қариев Е., Самашев С., Ахмадиев Ж. Қазақ Алтайы ежелгі көшпелілерінің мәдениеті тарихындағы Берел. Астана: «Фолиант», 2018. 264 б.
3. Ноғайбаева М.С., Хабижанова Г.Б., Севрюгин Н., Тадышева Н.О., Омарбеков Т. және т.б. Ғасырлар тоғысындағы түркі халықтары әлемінің діни-мифологиялық сипаты». Монография. Алматы: «Қазақ университеті», 2020. 154 б.