1. Главная
  2. «Қазақстан археологиясы» журналы

«Қазақстан археологиясы» журналы

Журнал туралы
«Қазақстан археологиясы» — тас дәуірінен бастап соңғы ортағасырларды тұтастай қамтитын Қазақстан мен далалық Еуразияның археологиясы мен аралас тарихи және жаратылыстану ғылыми пәндердің өзекті мәселелеріне арналған халықаралық рецензияланатын ғылыми журнал.
Журнал бір жылда төрт рет шығады. Мақалалар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланады. Барлық мақалалар сын-пікірден өткізіледі және қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде қысқа аңдатпамен қоса беріледі.
Журнал Еуразия археологиясының өзекті мәселелері қызықтыратын қазақстандық және шетелдік мамандарға, жас ғалымдарға арналған.
Журнал редакциясына түскен барлық мақалаларға міндетті түрде ғылыми пікір беріледі. Мақалаларды рәсімдеу талаптарымен «Қолжазбаларды рәсімдеу ережесі» бөлімінде танысуға болады. Барлық сандардың толық мәтіндері «Архив» бөлімінде ашық қол жетімді түрде тұр.
Журналда жарияланған материалдар ашық қол жетімді болғандықтан, оларды пайдаланғаны үшін төлемақы алынбайды. «Ашық қолжетімділік» қағидаты «Қазақстан археологиясы» журналында жарияланған материалдарды еркін қолдану: оқу, жүктеу, көшіру, тарату, мақаланың толық мәтініне сілтеме жасау құқығын береді. Журнал материалдарын коммерциялық мақсатта пайдалануға жол берілмейді. Журналға өткізілген барлық материалдар авторлық құқықпен қорғалады. Журнал Creative Commons Attribution-NonCommercial 4.0 International (CC BY-NC 4.0) лицензиясын қолданады.
Құрылтай және баспагер: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттар мен архивтер комитетінің мерзімді баспасөз басылымын және (немесе) ақпараттық агенттікті есепке қою туралы 2011 жылғы 14 қарашадағы № 12108-Ж куәлігі берілген.
ISSN 2663-6794 (Print)
Басылым 2018 жылдан бастап шығады.
Шығу мерзімділігі: жылына 4 рет.

Журналдың сайты