1. Басты бет
  2. ГАЖ технологиялары және топографиялық түсірілім

ГАЖ технологиялары және топографиялық түсірілім

Институттың маңызды бағыттарының бірі – тарихи-мәдени мұра объектілерін геоинформациялық картографиялау. Институттың қызметкерлері ауданның цифрлық картографиялық негіздерін жасайды, оған жағалаулық сызықтар, гидрография, шекаралар, елді мекендер және жол желісі кіреді. 
Институт сондай-ақ археологиялық ескерткіштер бойынша жинақталған деректерді цифрлық форматқа көшіріп, бұрын жарияланған жинақтар мен облыс бойынша реестрлерді, сондай-ақ ескерткіштердің төлқұжаттарын негізге ала отырып, ескерткіштер туралы кестелер жасайды. Бұл кестелерде ескерткіштің GPS координаттары, хронологиялық және мәдени тиістілігі, негізгі сипаттамалар және басқа да мәліметтер көрсетіледі.