Археозоологиялық талдау
Жануар сүйектерін жүйелеу, археологиялық таңбалау номенклатураға сәйкес жүргізіледі. Сүйектердің қаңқалық элементтері, остеологиялық материалдың сақталу дәрежесі, синостозды анықтау (сүйек тіндері арқылы сүйектердің қосылуы), тістердің жағдайы (тіс жүйесі және ауысуы), сүйектердің түрлік құрамы, мал сою маусымы анықталады. Анализдер барысында сүйектердегі жануарлардың тістеу іздері, сондай-ақ термиялық өңдеу белгілері анықталады.