1. Главная
  2. Зертханалар
  3. Археологиялық технология зертханасы

Археологиялық технология зертханасы
24 Мам 2022

Археологиялық технология зертханасының тарихы 1970 жылдардан басталады. 1971-1972 жылдары ҚазКСР ҒА Тарих, археология және этнология институтының құрамында «Археологиялық технологиялар» зертханасы ашылып, алғашқы меңгерушісі болып белгілі археолог, ғалым М.Қ. Қадырбаев тағайындалады. М.Қ. Қадырбаев зертхананың құрылымында палеозоология, керамика және металл саласымен айналысатын бөлімдерді жасақтайды. 1983 жылдан зертхананы С.М. Ақынжанов басқарып, жоғарыда аталған бағыттар бойынша зерттеу жұмыстары жалғасын табады. 1990 жылдан зертхананы Ж. Құрманқұлов басқарып, зертхана өз ішінде жаратылыстану ғылыми-талдау әдістері және археологиялық материалдар реставрациясы деген екі бөліммен жұмыс жасайды. Арадағы біраз уақыт үзілістен кейін, 2019 жылы «Археологиялық технология зертханасы» қайта қалпына келтіріліп, жаңа техникалық жабдықтар алуға мүмкіндік жасалды. Бүгінде PhD доктор Е.Ш. Ақымбектің басшылығындағы «Археологиялық технология зертханасында» М.С. Шагирбаев остеологиялық материалдармен жұмыс жасайтын – археозоология бөлімі, А. Ержанова., Г.Б. Саргизова тас және сүйек құралдардың типологиялық және морфологиялық құрылымымен айналысатын – трасология бөлімі, Е.Ш. Ақымбек., Е.В. Дубягина, Ж.С. Калиева керамикалық бұйымдардың морфологиясы, жасалу техникасы мен технологиясы, құрамы мен минералдық қосылыстарын, керамика өндірісі мен жасалу үдерістерін зерттейтін – ежелгі және ортағасырлық керамиканы зерттеу бөлімі, Н.Б. Нұрғали, В. Железнякова табылған артефактілерді тазалау, қалпына келтіру сақтаумен айналысатын – реставрация және консервация бөлімдері бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп отыр.