«Марғұлан оқулары – 2026» Ақпараттық хат
10 Жел 2025
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!
Сіздерді 2026 жылдың 18–20 наурызы аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өтетін «Марғұлан оқулары – 2026» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырамыз.
Дәстүрлі конференция аясында археология ғылымының және палеоантропология, археогенетика, археометаллургия, археозоология, археоботаника, цифрлық археология және ЖИ, ГАЖ, консервация, реставрация, реконструкция секілді шектес пәндердің өзекті мәселелері талқыланады.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мәселелері бойынша 2025 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылады.
Конференцияның негізгі мақсаты – археологиялық ескерткіштерді зерттеуден алынған жаңа нәтижелерді ғылыми айналымға енгізу, сондай-ақ жаңа әдістерді қолдануға өзара ықпал ету.
Конференция жұмысының бағыттары:
• Қазақстанның археология ғылымы тарихынан. Персоналия;
• Тас және палеометалл дәуірі археологиясы;
• Ерте темір дәуірі археологиясы;
• Орта ғасыр археологиясы;
• Жаңа заман археологиясы;
• Этноархеология және палеоэтнография;
• Археологиядағы пәнаралық зерттеулер;
• Геоматика және цифрлық археология. Археологиядағы жасанды интеллект;
• Консервация, реставрация және реконструкция мәселелері;
• Археологиялық мұраны сақтау, қорғау және пайдаланудың өзекті мәселелері.
Конференцияның жұмыс тілі: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция жұмысының нәтижесінде екі басылымды жарыққа шығару жоспарлануда:
1. 2026 жылдың сәуір айының соңына дейін «Марғұлан оқулары – 2026» конференциясының материалдар жинағы;
2. Конференция басталғанға дейін «Қазақстандағы далалық зерттеулер. 2025 жыл» жинағы.
Аналитикалық мақалалар, қорытынды жұмыстар мен пәнаралық зерттеулердің нәтижелері «Марғұлан оқулары–2026» конференциясының материалдар жинағына қабылданады. Мақалалар халықаралық ғылыми конференциялар тізіміне (5-тізім) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің ғылыми қызметінің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізуге арналған талаптарға сәйкес рәсімделеді (1-қосымша)
Терең талдау бөлігі жоқ, далалық археологиялық зерттеулер жүргізу кезінде алынған материал туралы нақты мәліметтер берілген мақалалар жыл сайынғы «Қазақстандағы далалық зерттеулер. 2025 жыл» (2-қосымша) жинағында жарияланады.
Жоғарыда аталған басылым далалық зерттеулер туралы жаңа деректерді ғылыми айналымға енгізуді көздейді, сонымен қатар бұл далалық жұмыстармен айналысатын ұйымдар мен тақырыптық зерттеулер жүргізетін және далалық зерттеулердің жаңа материалдарын қажет ететін ғылыми орталықтар мен зертханалар арасында ғылыми байланыс орнатуға ықпал етеді.
БАҒДАРЛАМАНЫ ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ МАҚАЛАЛАР ЖИНАҒЫН ШЫҒАРУ
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК) ұсынған басылымдар тізбесіндегі 5-тізімге енген басылымдардың талаптарына сәйкес болу үшін, берілген үлгі бойынша толтырылған өтінім-сауалнамаларды 2025 жылдың 18 желтоқсанына дейін жіберу қажет. Конференция бағдарламасы 2026 жылдың 18 ақпанынан кешіктірілмей дайындалады.
«Марғұлан оқулары – 2026»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысушының
ӨТІНІМ-САУАЛНАМАСЫ
1. Автордың аты-жөні, әкесінің аты;
2. Елі, қаласы;
3. Жұмыс орны;
4. Қызметі;
5. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы;
6. Баяндаманың атауы* (*Бірлесіп жазған баяндамалар бір өтініммен беріледі, ал ондағы деректер нүктелі үтір арқылы ажыратылып, ретпен көрсетіледі; егер мәліметтер қайталанса (мысалы, ел және/немесе қала, жұмыс орны, пошта мекенжайы және т.б.), оларды қайталап жазудың қажеті жоқ. Авторлардың бәрі archeo-margulan.kz сайтына тіркелуі керек)
7. Мақаланы басып шығару жоспарланып отырған жинақ («Марғұлан оқулары – 2026» конференциясы материалдарының жинағы немесе жыл сайынғы «Қазақстандағы далалық зерттеулер. 2025 жыл» жинағы).
«Марғұлан оқулары – 2026» конференциясының материалдар жинағына жариялауға арналған өтінімдерді margulan_conf@archeo.kz электрондық мекенжайына жіберіңіз.
«Марғұлан оқулары – 2026» конференциясы жинағына жариялауға арналған материалдарды жіберу үшін конференция жинағының https://archeo-margulan.kz/ сайтындағы мақаланы электронды түрде жолдау қызметін қолданыңыз. «Қазақстандағы далалық зерттеулер. 2025 жыл» жинағын жариялауға арналған өтінімдер мен материалдарды dala.zert@archeo.kz электрондық мекенжайына жіберіңіз.
8. E-mail, байланыс телефоны;
9. Қатысу нысаны (online/offline);
10. Баяндаманы таныстыру түрі және қажетті техникалық құралдар.
Жинақтың редакция алқасы жариялауға берілген материалдарды іріктеп алуға құқылы.
Талаптарға сай рәсімделмеген және конференция бағыттарына сәйкес келмейтін мақалалар қарастырылмайды.
«Марғұлан оқулары» халықаралық конференциясының жыл сайынғы жинақтарының алдыңғы жарияланымдары Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының https://archeo-margulan.kz/index.php/home/issue/archive сайтында қолжетімді.
Конференцияны Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 44, ҚР ҒЖБМ ҒК Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты.
Байланыс ақпараты:
«Марғұлан оқулары» конференциясының жинағына мақала жариялау мәселелері бойынша:
Қасенова Әсем Дәуренқызы, директордың ғылым жөніндегі орынбасары, тел.: +7 707 518 12 30
Байтілеу Дархан Айтжанұлы. E-mail: margulan_conf@archeo.kz
«Қазақстандағы далалық зерттеулер. 2024 жыл» жинағына мақала жариялау мәселелері бойынша:
Әміров Ерлан Шарефұлы, мониторинг және қорғау археологиясы тобының меңгерушісі. тел.: +7 701 537 57 33. E-mail: dala.zert@archeo.kz
Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті
Ақпараттық хат
Information letter
Информационное письмо
