1. Басты бет
  2. Экспедициялар
  3. Алтай археологиялық тобы

Алтай археологиялық тобы

Алтай археологиялық тобы маусым айының 1 мен 30 аралығында PhD А. Айтқалидің жетекшілігімен Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданы Аққайнар ауылының маңындағы ежелгі және ортағасырлық көшпелілердің жерлеу ескерткіштерінде зерттеу жұмыстарын жалғастырды.

Биылғы далалық маусымда бес жерлеу ескерткіші зерттелді. Зерттелеген нысандардың барлығы тоналған. Дегенмен, зерттеу нәтижесінде ежелгі және ортағасырлық көшпелілердің дүниетанымдарынан мағлұмат беретін бірегей заттай деректер табылды. 

Қазба жұмыстарының қортындысы бойынша зерттелген нысандардың біреуі жерлеу салтының, заттай кешендер және архитектуралық келбеті бойынша б.д.д. І мыңжылдықтың ортасына яғни Пазырық этномәдени қауымдастығына тән, қалған нысандар ерте ортағасырлар кезеңіне жатқызылды.

Жұмыстар Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Қола дәуірінен ерте ортағасырларға дейінгі Алтай-Тарбағатай өңірі» жобасы аясында «Көне түркі дәуірінің жерлеу-аза тұту ескерткішері»  тақырыбы бойынша жүргізілді.