
Трифонов Юрий Иванович (1940-1989)
Трифонов Юрий Иванович 1940 жылғы 27 тамызда Горький қаласында дүниеге келген. 1965 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің тарих факультетінің археология кафедрасын бітірген.
1965-1977 жылдары Горький экскурсия және саяхат бюросында, тарихи және мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру және консервациялау жөніндегі Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу зертханасында, КСРО Ғылым Академиясының Археология институтының Ленинград бөлімшесінде жұмыс істеді. Осы уақытта ол түрлі археологиялық экспедицияларға, негізінен Сібір аумағында (Тыва, Хакасия) жұмыс жасаған экспедицияларға белсенді қатысты. 1965-1974 жылдары Саян-Тыва экспедициясының құрамында он жыл бойы зерттеу тобына жетекшілік етті. Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «VIII-XII ғасырлардағы Шығыс Қазақстанның көшпенділері (жерлеу ескерткіштері материалдары бойынша)».
1978 жылдан бастап Алма-Атыға көшіп, ҚазССР Ғылым Академиясының Ш. Уәлиханов атындағы ТАИЭ-де жұмысқа орналасқаннан кейін Ю.И. Трифонов ҚазССР Ғылым Академиясының ТАИЭ-нің Шүлбі және Алматы археологиялық экспедицияларына қатысты. 1980 жылы ол ТАИЭ -ге шарттық тақырып бойынша археология секторының инженері болып жұмысқа қабылданды, ал 1985 жылдан бастап конкурстық негізде кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Трифонов Ю.И. Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының (ОККАЭ) жұмыстарына қатысып, отряд жетекшісі болды.
Юрий Иванович Сібір мен Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық көшпелі халықтарының археологиясы мәселелерімен айналысты, 20-дан астам жұмысы жарияланған. Бүкілодақтық және аймақтық конференцияларда баяндамалар мен хабарламалар жасады.
1989 жылдың қыркүйегінде қайтыс болды.
Трифонов Ю.И. Памятники кулажургинского этапа // Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. - Алма-Ата, 1987. - С. 95-114 (в соавторстве).
Трифонов Ю.И. Памятники средневековых кочевников // Археологические памятники в зоне затопления Шульбинской ГЭС. - Алма-Ата, 1987. - С. 115-246 (в соавторстве).