
Сенигова Таисия Николаевна (22.07.1922 - 21.11.2020)
Сенигова Таисия Николаевна 1922 жылы 22 шілдеде Великие Луки қаласында дүниеге келген. 1946 жылы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтына (ТАЭИ) жұмысқа қабылданып, кіші ғылыми қызметкер болып тағайындалды. Оның ғылыми және 30 жылдық еңбек жолы институтпен тығыз байланысты болды. 1946 жылы 1 желтоқсаннан бастап кіші ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа қабылданып, 1960 жылы 28 желтоқсанда археология бөлімінің аға ғылыми қызметкері лауазымына бекітілді және 1977 жылы 28 қарашада зейнетке шығуына байланысты қызметінен босатылды.
1954 жылы «Алтын-Асар» қала жұртының керамикасы» тақырыбында тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясының жұмыстарына қатысты, 1953-1954 жылдары Батыс Қазақстан археологиялық экспедициясының жұмыстарына жетекшілік етті. 60-жылдары Жетісу археологиялық экспедициясының құрамында жұмыс істеп, Тараз қала жұртында қазба жұмыстарын жүргізді. 1954-1955 жылдары ҚазМУ-дың тарих факультетінде «Археология негіздері» курсын оқыды. Т.Н. Сенигова қазақстандық археологтардың «Қазақстан археологиялық картасы» атты еңбекті құрастыруға қатысты. 1972-1975 жылдары Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясында жұмыс істеп, Түркістан қала жұртын зерттеген Түркістан отрядына жетекшілік етті.
2020 жылы 21 қарашада Мәскеу қаласында қайтыс болды.
Сенигова Т.Н. К изучению технических особенностей керамики низовья Сыр-Дарьи // Труды ИИАЭ АН КазССР. - Алма-Ата, 1959. - Т.7. Археология. - С. 215-231
Археологическая карта Казахстана. - Алма-Ата, 1960 (коллектив авторов).
Сенигова Т.Н. Шахристан городища Баба-Ата // Археологические исследования на северных склонах Каратау / Труды ИИАЭ АН КазССР. - Алма-Ата, 1962. - Т. 14. - С. 154-166.
Сенигова Т.Н. Поселение Ак-Тобе // Археологические исследования на северных склонах Каратау / Труды ИИАЭ АН КазССР. - Алма-Ата, 1962. - Т. 14. - С. 57-83.
Сенигова Т.Н. Открытие гробниц в Западном Казахстане (II-IV и XIV вв.) // Известия АН КазССР. Серия обществ. наук. - 1968. - № 2. - С. 71-90 (в соавторстве).
Сенигова Т.Н. Осветительные приборы Тараза и их связь с культом огня // СА. - 1968 - № 1. - С. 208-225.
Сенигова Т.Н. Средневековый Тараз. - Алма-Ата, 1972.
Сенигова Т.Н. Уникальное культовое сооружение Аулие Кумчик-Ата в районе г. Туркестана // Прошлое Казахстана по археологическим источникам. - Алма-Ата, 1976. - С. 105-121.
Сенигова Т.Н. Керамика городища Туркестан из верхнего строительного горизонта (XVII-XVIII вв.) // Археологические памятники Казахстана. - Алма-Ата, 1978. - С. 171-187.