
Мотов Юрий Аркадьевич (26.02.1949 - 12.01.2016)
Мотов Юрий Аркадьевич 1949 жылы 26 ақпанда Алтай өлкесінің Троицк ауданының Заводской ауылында дүниеге келген. 1973-1977 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих факультетінде оқыды, И.И. Копыловтың жетекшілігімен археологиялық дайындықтан өтіп, Талғар қалашығын зерттеуге қатысты. ҚазПИ-ді бітіргеннен кейін «Қазпроектреставрация» институтына жұмысқа орналасты, Тамғалы мен Түркістан қаласын археологиялық зерттеулерге қатысты. 1980 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтына жұмысқа қабылданып, 1980-1986 жылдары Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясына (ОҚКАЭ) қатысты.
1986-1991 жылдары Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейінің археология бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1991 жылы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтына аға ғылыми қызметкер (АҒҚ) лауазымына қайта қабылданды. Бірқатар экспедицияларда жұмыс істеп, көшпелілер мәдениеті мәселелерін зерттеумен айналысты. Ол бірнеше ғылыми мақалалардың авторы болды.
Юрий Аркадьевич Мотов 2016 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында қайтыс болды.
Мотов Ю.А. О датировке мечей с настенных росписей раннесредневековых городов Средней Азии // Культуры Евразийских степей 2 половины I тыс. н.э. (вопросы хронологии). - Самара, 1998. - С. 424-435.
Мотов Ю.А. Головной убор в изобразительной традиции древнетюркской эпохи (на материале каменных изваяний) // Культуры Евразийских степей 2 половины I тыс. н.э. (из истории костюма). – Самара, 2001. - Т. 1. - С. 145-151.
Мотов Ю.А. К интерпретации изображений парных пластинок из «Сибирской коллекции Петра 1» // РА. - 1999. - № 3. - С. 141-148.
Мотов Ю.А. О Шиловском могильнике и миграциях тюрок // Матер. междунар. науч. конф. «Архкология Казахстана в эпоху независимости: итоги, перспективы», посв. 20-летию Независмости Республики Казахстан и 10-летию Института археологииим. А.Х. Маргулана. - Алматы, 2011. - С. 304-311.