
Мерщиев Михаил Сергеевич
Мерщиев Михаил Сергеевич 1918 жылы дүниеге келген. 1938 жылы Ташкент қаласындағы Орта Азия мемлекеттік университетінің (САГУ) тарих факультетіне оқуға түскен. 1941 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылып, соғысқа қатысқан. 1942 жылдың маусымынан 1945 жылдың сәуіріне дейін Германияның концлагерьлерінде тұтқында болған. 1946 жылы Ташкент қаласындағы Орта Азия мемлекеттік университетінде оқуын жалғастырып, 1948 жылы аяқтайды. САГУ археология кафедрасында жұмыс істеп, Түрікменстан ғылым академиясының археологиялық экспедициясының жұмыстарына қатысқан. 1959 жылдан бастап Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында жұмыс істеген. 1967 жылы «Қазақстанның оңтүстігіндегі отырықшы қалалардың даму тарихы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. 1971-1974 жылдары аралығында ОҚКАЭ құрамында жұмыс істеп, Отрартөбе, Қаламтөбе, Пшақшытөбе қалашықтарында қазба жұмыстарын жүргізді.
Мерщиев М.С. Городище Актобе 1 (VI - начало XIII в.) // Древности Чардары. - Алма-Ата, 1968. - С. 12-173.
Мерщиев М.С. К вопросу о стратиграфии нижних слоев Тараза // Новое в археологии Казахстана. - Алма-Ата, 1968. - С. 37-50.
Мерщиев М.С. Поселение Кзыл-Кайнар-тобе I-IV веков и захоронение на нем воина IV-V веков // По следам древних культур Казахстана. - Алма-Ата, 1970. - С. 79-92.