
Марьяшев Алексей Николаевич (4.12.1933 - 12.03.2018)
Марьяшев Алексей Николаевич 1933 жылы 4 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1957 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих-филология факультетін бітірген. Институтты аяқтағаннан кейін Талдықорған облысы Көгалы ауылындағы Көгалы орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеді. 1958 жылдан бастап Алматы қаласының мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеген, 1977 жылы - Қазақ педагогикалық институтында оқытушы ретінде қызмет атқарған. 1977 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1980 жылы Қазақ педагогикалық институтының құрамына аға оқытушы ретінде қабылданды, 1985 жылы доцент қызметіне ауыстырылды. 1992 жылдан бастап Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында аға ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеді, 1995 жылы Новосибирск қаласындағы РҒА СБ Археология институтында докторлық диссертациясын қорғады. 1972 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының құрамында Қаратау жотасындағы археологиялық экспедицияларға қатысты. А.Н. Марьяшев 15-тен астам кітаптың авторы және қосалқы авторы болып табылады, оларда қола дәуірінің жартастағы өнері мен қоныстары зерттелген.
Алексей Николаевич 2018 жылы 12 наурызда қайтыс болды.
Марьяшев А.Н. Петроглифы Каратау. - Алма-Ата, 1977 (в соавторстве).
Марьяшев А.Н. Наскальные изображения Семиречья. - Алматы, 2002.
Марьяшев А.Н. Наскальные изображения в горах Ешкиольмес. - Алматы, 2005 (в соавторстве).
Марьяшев А.Н. Петроглифы Ак-Кайнара. - Алматы, 2009 (в соавторстве).