1. Басты бет
  2. Тарихтағы тұлғалар
  3. Максимова Анна Георгиевна (29.12.1923 - 11.11.2002)
Максимова Анна Георгиевна (29.12.1923 - 11.11.2002)

Максимова Анна Георгиевна (29.12.1923 - 11.11.2002)

Археолог, тарих ғылымдарының кандидаты
Профиль
Негізгі басылымдардың тізімі

Максимова Анна Георгиевна 1923 жылы 29 желтоқсанда Кемеров облысының Сталинск (қазіргі Новокузнецк) қаласында дүниеге келген. 1942-1946 жылдары М. Ломоносов атындағы ММУ-дің тарих факультетінің археология бөлімінде оқыды. Университетті сәтті бітіргеннен кейін оны Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қ.И. Сәтбаев жұмысқа шақырды, 1946 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтына палеолит бөлімінің меңгерушісі болып қабылданды. Анна Георгиевнаның барлық ғылыми жұмысы Қазақстанның алғашқы археология мәселелеріне арналды. «Шығыс Қазақстан қола дәуірінде» атты еңбегінде ол Қазақстанның шығыс аймақтарындағы тайпалардың қола дәуірі мәдениетінің тарихы мен хронологиялық классификациясының кезеңдерін алғаш рет әзірледі. 1960 жылы Мәскеуде ММУ-де осы тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. А.Г. Максимова «Қазақстанның археологиялық картасы» атты монографияның негізгі құрастырушыларының бірі және «Қазақ КСР тарихы» I томының жетекші авторларының бірі болды. Ол Қазақстан аумағындағы көптеген археологиялық экспедицияларға қатысты, соның ішінде 1947-1954 жылдары ШҚАЭ, отряд бастығы; 1952 жылы ОКАЭ, отряд бастығы; 1955 жылы Павлодар АЭ, отряд бастығы; 1956 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының ТАЭИ ОАЭ; 1956-1957 жылдары Жетісу жеке отрядының бастығы; 1957-1959 жылдары ОҚАЭ, отряд бастығы; 1960-1961 жылдары Шардара АЭ, экспедиция бастығы; 1962 жылы ОАЭ, Шардара тобының бастығы; 1971-1972 жылдары ОҚКАЭ.

2002 жылы 11 қарашада қайтыс болды.
 

Максимова А.Г. Древнее поселение у курорта «Аул» // Известия АН КазССР. - 1951. - Вып. 3. - С. 125-129 (в соавторстве).
Максимова А.Г. Наскальные изображения Тамгалы. - Алма-Ата, 1985 (в соавторстве).
Максимова А.Г. Восточный Казахстан в эпоху бронзы // Труды ИИАЭ АН КазССР. - 1959. - Т. 7 - С. 82-161.
Максимова А.Г. Гробницы типа науса у с. Чага (Шага) // В глубь веков. - Алма-Ата, 1974. - С. 95-118.