
Кузнецова Элла Федоровна
Кузнецова Элла Фёдоровна 1936 жылы 19 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. 1959 жылы ҚазҰУ-дың физика факультетін аяқтап, Қарағанды қаласына Орталық геофизикалық лабораторияға инженер қызметіне жіберілді. 1961 жылы Алматыға қайта оралып, ҚазКСР ҒА Химия институтында аға лаборант болып жұмыс істеді. 1963 жылы Қ.И. Сәтпаев атындағы Геология институтына ауысты. 1969-1971 жылдары осы институтта аспирантурада оқыды. 1972 жылы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы ТАЭИ-ның археология бөліміне қабылданды. 1973 жылы «Қазақстанның тау жыныстары мен рудаларындағы висмуттың таралу заңдылықтарын спектрографиялық әдіспен зерттеу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
Элла Фёдоровна ОҚКАЭ археологиялық зерттеулерінде белсенді қатысушы болды. Оның ғылыми жұмыстары геология мен археологияда спектральдық талдау әдістерін қолдану мәселелерін қарастырды; көне металлургияны спектральдық талдау әдістерімен зерттеді. Оның жұмыстарында көне мыс құю өндірісі және түсті металдардың қорытпа технологиясы жөніндегі мәселелер қарастырылды. Археология бойынша Атасу қонысы мен Сынтас, Биже ескерткіштеріндегі металл бұйымдарды зерттеу жөніндегі мақалалары үлкен ғылыми қызығушылық тудырады.
1996 жылы зейнетке шықты.
Кузнецова Э.Ф. Бронзовые предметы из могильника Сынтас (по данным спектрального анализа) // Прошлое Казахстана по данным археологических источников. - Алма-Ата, 1976. - С. 157-162.
Кузнецова Э.Ф. Изучение продуктов древнего производства в районе р. Атасу (по данным спектрального анализа) // Археологические исследования в Отраре. - Алма-Ата, 1977. - С. 116-124.
Кузнецова Э.Ф. Некоторые вопросы технологии керамического производства позднесредневековых городищ Южного Казахстана // Археологические памятники Казахстана. - Алма-Ата, 1978 - С. 97-108 (в соавторстве).
Кузнецова Э.Ф. Изучение состава бронзовых находок сакского периода методом спектрального анализа // Археологический сборник. - Фрунзе, 1980.
Кузнецова Э.Ф. Древняя металлургия и гончарство Центрального Казахстана - Алматы, 1994 (в соавторстве).