1. Басты бет
  2. Тарихтағы тұлғалар
  3. Қадырбаев Мир Қасымұлы (1928-1982)
Қадырбаев Мир Қасымұлы (1928-1982)

Қадырбаев Мир Қасымұлы (1928-1982)

Археолог, тарих ғылымдарының кандидаты
Профиль
Негізгі басылымдардың тізімі

Қадырбаев Мир Қасымұлы 1928 жылы дүниеге келген. 1955 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің тарих факультетін аяқтап, ТАЭИ аспирантурасына қабылданды. 1958 жылы археология бөлімінің ғылыми қызметкері болып тағайындалды. 1959 жылы «Орталық Қазақстанның көшпелі тайпаларының ескерткіштері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. 1975 жылдан археологиялық технология зертханасының меңгерушісі болды.

1971-1973 жылдары Оңтүстік Қазақстандағы жерлеу ескерткіштерін және петроглифтерді зерттеген ОҚКАЭ отрядын басқарды. Ол Қазақстандағы петроглифистика ғылымының негізін қалаушылардың бірі.

1975-1980 жылдары Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясын басқарды, осы кезеңде қола дәуірінің, ерте темір дәуірінің және орта ғасырлық ескерткіштерді зерттеді. Ол әлемдік ғылымда мойындалған монографиялардың, көптеген мақалалардың авторы.

1982 жылы қайтыс болды.
 

Кадырбаев М.К. Исследования курганов с каменными грядами // Вестник АН КазССР. - 1959. - № 7. - С. 89-97.
Кадырбаев М.К. Памятники Тасмолинской культуры // Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. - Алма-Ата, 1966. - С. 303-434.
Кадырбаев М.К. Погребение кипчака первой половины XIV в. Из могильника Тасмола // По следам древних культур Казахстана. - Алма-Ата, 1970. - С. 42-53.
Кадырбаев М.К. Наскальные изображения хребта Каратау. - Алма-Ата, 1977 (в соавторстве).
Кадырбаев М.К. Культура древних скотоводов и металлургов Сары- Арки. - Алма-Ата, 1989 (в соавторстве).