1. Басты бет
  2. Тарихтағы тұлғалар
  3. Итенов Абдыкадыр Оразбекұлы (13.01.1951-19.02.2007)
Итенов Абдыкадыр Оразбекұлы  (13.01.1951-19.02.2007)

Итенов Абдыкадыр Оразбекұлы (13.01.1951-19.02.2007)

Архелог
Профиль
Негізгі басылымдардың тізімі

Итенов Абдыкадыр Оразбекұлы 1951 жылы 13 қаңтарда Алматы облысы Госселекция ауылында дүниеге келген. 1982 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген. 1972 жылдың сәуір айынан 1986 жылға дейін ҚазКСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтында жұмыс істеп, археология бөлімінің лаборанты қызметінен археология бөлімінің инженер-реставраторы қызметіне дейін көтерілді. ОҚКАЭ жұмыстарына қатысып, қазба жұмыстарының, отрядтардың басшысы болды. Ол Отырартөбе қалашығын зерттеді. 1986-2002 жылдары «Қазпроектреставрация» институтында сектор меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, материалдық мәдениет тарихы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2003-2005 жылдары «Тамғалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейінде жұмыс істеді. 2005 жылы А.Х. Марғұлан атындағы Археология институтына ғылыми қызметкер болып қабылданды.

Абдыкадыр Оразбекұлы Итенов 2007 жылы 19 ақпанда қайтыс болды
 

Итенов А.О. Очерки истории и археологии средневекового Туркестана. - Алматы, 1999 (в соавторстве).