1. Басты бет
  2. Тарихтағы тұлғалар
  3. Синенькая Надежда Ивановна
Синенькая Надежда Ивановна

Синенькая Надежда Ивановна

Өнертанушы
Профиль
Негізгі басылымдардың тізімі

Синенькая Надежда Ивановна 1943 жылы 18 ақпанда Көкшетау облысы, Щучинск қаласында дүниеге келген. 1967 жылы Ленинград қаласындағы кескіндеме, мәдениет және сәулет институтын «өнертанушы» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ КСР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында (ТАЭИ) 1973 жылдың ақпан айынан бастап кіші ғылыми қызметкер және музей қызметкері ретінде жұмыс істеді. Ол археология музейінің тақырыптық жоспарын құрастырды.

Археология музейінің экспозициясын ұйымдастыруға және құжаттамаларды ретке келтіруге қатысты. Н.И. Синенькая қазіргі заманғы керамиканы және оның ежелгі дәстүрлермен байланысын зерттеумен айналысты. Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының далалық жұмыстарына қатысты. Сонымен қатар, Алматы мемлекеттік театр және өнер институтында жұмыс істеді.

1981 жылдың сәуір айында Н.И. Синенькая басқа жұмысқа ауысты.
 

Синенькая Н.И. К вопросу о технике изготовления и приемах оформления дастарханов из Отрара (X-XII вв.) // Прошлое Казахстана по археологическим источникам. - Алма-Ата, 1976. - С. 122-129/
Синенькая Н.И. О неполивных крышках из Отрара // Археологические памятники Казахстана. - Алма-Ата, 1978. - С. 194-202.