
Кемель Ақышұлы Ақышев 1924 жылы 23 мамырда Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келді. 10 сыныпты бітірген жылы Кемель Ақышұлы армияға шақырылды. 1943 жылдың жазында Самарқандтағы байланыс училищесінде қысқа мерзімді оқудан өткен соң, ол 230-шы Сталин атындағы атқыштар дивизиясында батальондық радиостанцияның бастығы болып тағайындалды. 1944 жылдың шілде айында Днестрді кесіп өтуде ауыр жараланып, емделгеннен кейін әскерден босатылды. 1945 жылы Кемель Ақышұлы ҚазКСР Ғылым академиясының С.М. Кирова атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсті, оны бітіргеннен кейін аспирантураға қабылданды. Аспирантурада оның ұстаздары белгілі ғалымдар Ә.Х. Марғұлан мен М.П. Грязнов болды. 1953 жылдың желтоқсанында Мемлекеттік Эрмитаждың Ғылыми кеңесінің мәжілісінде Кемель Ақышұлы «Орталық Қазақстанның қола дәуірі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Диссертацияны қорғағаннан кейін, 1955 жылдан 1989 жылға дейін К.А. Ақышев ҚазКСР ҒА Ш. Уәлиханов атындағы ТАЭИ-ның археология бөлімін басқарды. 1989 жылдан 2001 жылға дейін К.А. Ақышев ҚазКСР ҒА Ш. Уәлиханов атындағы ТАЭИ-ның археология бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ал 1991 жылы ҚР ҰҒА Археология институтының бөлімін басқарды.
2001 жылдың қазанынан бастап Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық мемлекеттік университетінде археологиялық реконструкциялар зертханасының меңгерушісі болды. Ғалым көп көлемде ғылыми жұмыстар жариялады. Оның 10 монографиясы және Алматы, Мәскеу, Ленинград, Германия, Жапония, АҚШ, Италия, Венгрияда басылған 200-ден астам ғылыми мақалалары бар.
К.А. Ақышев – КСРО-да тұңғыш «Қазақстан археологиялық картасын» шығарған топтың жетекшісі және жоба авторы (Алматы, 1960). Жетісудың көне тарихына жаңалық әкелген Кемель Ақышұлының «Сақтар мен усундардың көне мәдениеті» атты монографиясы 1963 жылы шықты. Сол кезде алғаш рет жұртшылық пен ғылыми орта Жетісудың бай әрі өзіндік сақ мәдениетімен танысты. К.А. Ақышев ашқан Бесшатыр сақ обалары Пазырық және Башадар обаларымен қатар қойылды.
К.А. Ақышев – XX ғасырдың ең жарқын әлемдік ашылуларының бірі – Есік обасындағы «Алтын адам» ашылымының авторы. «Курган Иссык» атты керемет басылымда бірегей материалдар жарияланып қана қоймай, сақтардың әлеуметтік қатынастары туралы экскурстар жасалған. Есікте табылған жазу сақтардың мемлекеттік құрылымын дәлелдеуге мүмкіндік берді. Бұл маңызды жағдай Қазақстандағы өркениеттің дамуымен жаңаша қарауға мәжбүр етті. 1987 жылы «Сақтар мен усундер дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан мен Солтүстік Қырғызстанның экономикасы мен қоғамдық құрылысы (б.з.д. V – б.з. V ғ.)» атты докторлық диссертациясын қорғады. Археологиялық материалдар мен жазба деректер негізінде зерттеуші Жетісудағы сақтардың мемлекеттік құрылымын дәлелдеді, бұл Қазақстан мен Евразияның көне тарихын зерттеуде маңызды болды.
Кемел Ақышұлы кең ауқымды зерттеуші болды. Оның ғылыми қызығушылығы тек көне ескерткіштермен ғана емес, ортағасырлық және палеоэтнография мен архитектура мәселелерімен де айналысты. Ол Қазақстанның ортағасырлық қалаларын зерттеуде көп жұмыс жасады. К.А. Ақышев басқа ғалымдармен бірлесе отырып, Сырдариядағы ірі қалалық орталық Отрарға арналған үш монографияны шығарды. Ғалымның монографиялары мен мақалаларында дамытылған негізгі тұжырымдар «Қазақ КСР тарихы» бес томдық іргелі еңбегіне енгізілді. Кемел Ақышұлы бірінші томының (Алматы, 1997) негізгі авторларының бірі болды.
К.А. Ақышевтің монографиялары мен мақалаларының негізінде ұзақ жылдар бойы далалық зерттеулер барысында жиналған археологиялық материалдар жатыр. Қазақстанда ғалымның экспедициялық маршруттары өтпеген аймақты табу қиын. Бұл - Тянь-Шаньның таулы аңғарлары, Қызылқұм, Сарыарқа мен Ертіс маңы далалары. Тыңды игеру кезінде К.А. Ақышев басқарған археологиялық экспедиция Солтүстік Қазақстанның далаларын, Тобыл мен Есіл аңғарларын зерттеді. Қола дәуірі, ерте темір дәуірі мен ортағасырлық кезеңдердегі ондаған қорымдар ашылды, тіркелді, ішінара қазылды, неолит кезеңімен мерзімделетін ондаған тұрақтар мен түрлі дәуірлерге тиесілі көптеген қоныстар табылды. 1956 жылдан бастап К.А. Ақышев Жетісу археологиялық экспедициясын басқарды. Оның негізгі міндеті - сақтар мен усундердің ескерткіштерін зерттеу болды. 1971 жылдан бастап К.А. Ақышев Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясын ұйымдастырып, соның жетекшісі болды. Оның зерттеулерінің негізгі объектілері - Отырар оазисінің ескерткіштері және Қазақстанның оңтүстігінің археологиялық ескерткіштері болды. ОҚКАЭ-ның жұмыс жылдары Қазақстанның қалалық мәдениеті туралы үлкен материалдар алынды. Қазақстан археологиясында жаңа археологиялық бағыт – кейінгі ортағасырлық археология бағыты әзірленді. 1997-2003 жылдары Есіл кешенді археологиялық экспедициясын басқарды, оның негізгі міндеті - Астана қаласына жақын орналасқан Бозок ортағасырлық қаласын «Евразияның далалық өркениеті» концепциясы тұрғысынан зерттеу болды.
К.А. Ақышевтің ғылымды ұйымдастырушы және жас мамандарды тәрбиелеудегі еңбегі зор. Кемель Ақышұлы қазақ археология мектебінің негізін қалаушылардың бірі. К.А. Ақышевтің көптеген шәкірттері оның жетекшілігімен ғылым кандидаттары мен докторлары болды. Ғалым жоғары оқу орындарында мамандар даярлауға көп көңіл бөлді. Бірнеше жылдар бойы ол ҚазГУ-дың тарих факультетінде, Еуразия университетінде археология бойынша арнайы курстар оқыды, Қазақстанда алғаш рет «Қазақстан археологиясы мәселелері» (1981) оқу құралын әзірледі. Қазақстан тарихы мен ғылым жетістіктерінің жарқын насихатшысы ретінде Лейпциг, Каир, Токио, Хельсинкидегі көрмелерде болды.
К.А. Ақышев - Қазақ КСР Ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. К.А. Ақышев «Парасат», «Отан соғысының I дәрежелі» ордендерімен, «Құрмет белгісі» орденімен, «Батырлық үшін» медалімен, «Ұлы Отан соғысы кезіндегі Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталды және Қазақстанның Алтын кітабына енгізілді.
Кемель Ақышұлы Ақышев 2003 жылы 10 тамызда Алматы қаласында қайтыс болды.
Акишев К.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. - Алма-Ата, 1963 (в соавторстве).
Акишев К.А. Древние города Казахстана. - Алма-Ата, 1963.
Акишев К.А. Древний Отрар. - Алма-Ата, 1972 (в соавторстве).
Акишев К.А. Курган Иссык. Искусство саков Казахстана. - М., 1978.
Акишев К.А. Позднесредневековый Отрар. - Алма-Ата, 1981 (в соавторстве).
Акишев К.А. Древнее золото Казахстана. - Алма-Ата, 1983.
Акишев К.А. Отрар в XIII-XV вв. - Алма-Ата, 1987 (в соавторстве).