1. Басты бет
  2. Қызметкерлер
  3. Рахымжанова Сәуле Жангелдіқызы
Рахымжанова Сәуле Жангелдіқызы

Рахымжанова Сәуле Жангелдіқызы

Тарих ғылымдарының кандидаты, жетекші ғылыми қызметкер
Профиль
Негізгі басылымдардың тізімі
Жобалар

2009 жылы Ш. Уалиханов атындағы ҚМУ тарих және құқық факультетін бітірді. 2018 жылы «Дала Обь-Ертіс сағасының территориясындағы энеолит-ерте қола дәуірінің керамикалық дәстүрлері» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады. Ғылыми жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы, профессор Ю.Ф. Кирюшин. 
Магистратураны бітірген соң С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жанынан ашылған Ә.Марғұлан атындағы Археологиялық біріккен ғылыми-практикалық орталықта кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Орталықта жұмыс істей жүріп, В.К. Мерц жетекшілігімен ҚБҰ құрамында Борлы тұрағында, Борлы 4, Шідерті 2 тұрағында, Шідерті 13 қорғанында, Кенжекөл 1 қорымында қазба және барлау жұмыстарына қатысты. Кейін Көкше академиясының Археология және мәдени генезис ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді, В.Ф.Зайберттің жетекшілігімен Ботай қонысын зерттеуге арналған экспедициясына қатысты. Алтай мемлекеттік университетінде аспирантурада оқып жүргенде Батыс Сібір және Алтай археологиясын пәнаралық зерттеу зертханасында жұмыс істеді, сонымен бірге Ханты-Мансийск автономиялық округіндегі Балинское 7, Сырой Аған 6 ескерткіштерінің қазба жұмыстарына қатысты және Е.А. Гирченкамен бірлесіп Балинское 63 тұрағының қазба жұмыстарында жетекшілік етті.
Кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институтында және Ә.Х. Марғұлан атындағы тас дәірінің археологиясы бөлімінде жұмыс жасайды..
Ғылыми қызығушылығы: неолит-ерте қола, ерте темір дәуірлерінің керамикасы, тастар типологиясы.
Тағылымдамалар: 

- 2011-2019 – Ресей ғылым академиясының Археология институты, «Керамика тарихы» зертханасы, керамиканы зерттеумен маманданған  тарих ғылымдарының докторы Цетлин Ю.Б. жетекшілігімен тағылымдамадан өтті.
 - 2012-2019 – Ресей Федерациясының керамика бойынша тәжірибелік экспедициясына қатысты, Самара қ., т.ғ.к. И.Н. Васильева, т.ғ.к. Н.П. Салугин жетекшілігімен.
- 2019 г. Archaeological Workshop «Contemporary Research Methods on Pottery Research». Nara, Japan - Nur-Sultan, Kazakhstan
- 2020 г.  Exchange program on the methods of investigation, recording and conservation of archaeological remains. Nara, Japan
- 2021 г. Рost-doctoral program SNRS Sorbonne 1 Úniversite «Pottery production at the Eneolithic settlement Derkul 1 in the Northern Aral Sea region (Western Kazakhstan) ».

https://independent.academia.edu/SauleRakhimzhanova

1. Качановская М.Г., Рахимжанова С.Ж. Қазақстандағы энеолит дәуіріндегі Ботай қонысындағы қыш ыдыстарға техникалық және технологиялық талдау (2012 ж. қазба жұмыстары негізінде)//  Ресей Археологиясы. - 2014. №3. - 19-25 б.  (орыс тілінен аударылған)
2.Рахимжанова С.Ж. Энеолиттік Новоилинка III қонысындағы керамикалық бұйымдарға технологиялық талдау // Самара ғылыми хабаршысы. №4(13). Самара, 2015
3. Степанова Н.Ф., Рахимжанова С.Ж., Кирюшин К.Ю. Новоилинка-ІІІ қонысының қыш ыдыстарын алдын ала зерттеу нәтижелері // Археологиялық және этнографиялық зерттеулердің интеграциясы: ғылыми еңбектер жинағы / бас. ред. Н. А. Томилов; жауапты ред.: М. А. Корусенко, А. А. Тишкин, К. Н. Тихомиров, М. Н. Тихомирова, Н. Н. Серегин. – Барнаул; Омск: «Наука» бас., 2015. 282-286 б. (орыс тілінен аударылған)
4. Рахимжанова С.Ж. Новоилинка ІІІ елді мекенінің керамика бұйымдарына техникалық-технологиялық талдау (ою-өрнектерді зерттеу нәтижелері) // Батыс Сібір және Алтай археологиясы: пәнаралық зерттеу тәжірибесі: ғыл. мақ. ж. / жау. ред. А.А. Тишкин. – Барнаул: Алт. ун-та бас., 2015.  (орыс тілінен аударылған)
5. Giedre Motuzaite Matuzeviciute, Yurii F Kiryushin, Saule Zh Rakhimzhanova, Svetlana Svyatko, Alexey A Tishkin and Tamsin C O’Connell Climatic or dietary change? Stable isotope analysis of Neolithic–Bronze Age populations from the Upper Ob and Tobol River basins // The Holocene. 2016. P. 1-11.
6. Леонтьева, Д. С., Рахимжанова С.Ж. Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі Большой Лог-I қонысынан табылған андронов керамикасы // КМУ хабаршысы. – Кемерово, 2016. – 2 шығ. – 31–40 б. (орыс тілінен аударылған)
7. Рахимжанова С.Ж. Ерте қола дәуірінің Шәуке 1 қорғанының керамикалық бұйымдарына жасалған технологиялық талдау // Самара ғыл хаб. Самара, 2017. Том 6. №2 (19). – 104-107 б. (орыс тілінен аударылған)
8. Rakhimzhanova S. Zh. Pottery in the era of eneolithic on the territory of northern Kazakhstan / The Great Steppe: history and culture. Volume VI. Ancient technologies. The exhibition catalogue // Edited by A. Onggaruly. - Nur-Sultan, 2019. Pp. 37-42.
9. S. Rakhimzhanova, E. Ananyevskaya, V.Zaibert. Technological characteristics of the ceramics of the Botai culture in relation to the Eneolithic cultures of northern Kazakhstan / Archaeological Research in Asia.Volume 29, March 2022.

Монографиялар:
1. А.Онгарулы,А. Асылбеков, А. Каирмагамбетов, С. Рахимжанова, А. Мусагажинова, А.Маулет, И. Бекзаткызы. Орталық Еуразия даласындағы Сарыарқа мұрасы. «Қазына» сериясы. Том IV. – ред. А. Онгарулы. – Нұр-Сұлтан: Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, 2020. 352 с. (орыс тілінен аударылған)
2. Рахимжанова С.Ж. Қаратөбе / Қатартөбе қорымының кермикасы. Жетісудағы элиталық сақ қорымы // А. Онгарулы, Пён Ёнхван, Нам Санвон, А. Нускабай, М. Кызырханов, 2020. 431-448 б.  (орыс тілінен аударылған)
 

Жоба атауы: «Сібірдің ежелгі қонысы: Солтүстік Азия аумағындағы мәдениеттердің қалыптасуы мен динамикасы».
Жоба жетекшісі: РҒА академигі Деревянко А.П.
Жоба ұзақтығы: 2015-2017 гг.

Жоба атауы: BR05236868 «Сарыарқаның мәдени мұрасын зерттеу, сақтау және насихаттау».
Жоба жетекшісі: т.ғ.к. А. Оңғар.
Жоба ұзақтығы: 2018-2020 гг.

Жобаның атауы: Батыс Қазақстандағы Нарынқұм тас дәуірінің құм төбелері
Жобаның жетекшісі: Мамиров Т.Б.
Жобаның ұзақтығы: 2020-2022

Жобаның атауы: ИРН AP09260400 «Батыс Сарыарқа және Солтүстік Арал сақтық мәдени кешені: пәнаралық зерттеу».
Жобаның жетекшісі: т.ғ.к. А. Оңғар.
Жобаның ұзақтығы: 2021-2023 гг.