1. Басты бет
  2. Қызметкерлер
  3. Ахметжан Қалиолла Саматұлы
Ахметжан Қалиолла Саматұлы

Ахметжан Қалиолла Саматұлы

Геоматика және цифрлық археология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері. Этнограф-қарутанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, суретші, Қазақстан Суретшілер одағы мен Еуразия дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Өнер академиясының академигі
Профиль
Негізгі басылымдардың тізімі
Жобалар

Білімі – жоғары. 1977 жылы КСРО Өнер академиясына қарасты И.Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтын бітірді.
2003 жылы «Қазақтардың дәстүрлі қару-жарағы: генезисі, құрылымы, этномәдени қызметі (тарихи-этнологиялық зерттеу)» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
100-ден астам ғылыми мақаланың және 7 монографияның авторы.
Зерттеу жұмыстарының бағыттары: қазақтардың дәстүрлі қару-жарағының тарихы, әскери іс, Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық көшпенділерінің қару-жарағы мен әскери символикасы, көшпелі халықтардың өнер тарихы.

Монографиялар:

  1. Жараған темiр кигендер (батырлардың қару-жарағы, әскери өнерi, салт-дәстүрлерi). – Алматы: Дәуiр, 1996. – 256 б. 
  2. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы. – Алматы: «Алматыкітап» ЖШС, 2006. – 216 б.
  3. Этнография традиционного вооружения казахов. На рус. яз. –Алматы: «Алматыкітап» ТОО, 2007. – 216 с., ил.
  4. Қазақтың отты қаруларының тарихы. - Астана: Фолиант, 2016. - 350 б.
  5. «Kazakh military armor (history, traditional terminology, classification)». -Astana:  «GLOBAL LTD» LLP 2019. – 132 p.
  6. «Kazakh combat helmets (history, origins and traditions)». - Astana:  «GLOBAL LTD» LLP 2019.  – 96 p.
  7. Исторические реконструкции комплексов вооружения кочевых воинов разных эпох (научно-графические и предметные реконструкции). Материалы и исследования по археологии Казахстана. Т. XVII. – Отв. Редактор А. Онгар. – Алматы: Институт археологии им. А.Х. Маргулана, 2023. – 360 с.

SCOPUS, РИНЦ, ККСОН базасына кіретін басылымдардағы мақалалар:

  1. Знамена, бунчуки и флаги Золотой Орды. // МАИАСП. № 18. 2024. С. 165-187. (Скопус)
  2. N. Atygayev, Z. Dzhandosova, K. Akhmetzhan, T. Krupa, O. Tuyakbai. Moghul khans from Muraqqa Tasavir-i salatin-i Kɩshghar. Part I. // Manuscripta Orientalia. International Journal for Oriental Manuscript Research Vol. 30. No. 1. 2024.  St. Petersburg. Pp, 10-16. (Скопус)
  3. Казахский садак (терминология, типология, способы ношения) // Universum Humanitarium. 2022.№1. С.198-227. DOI 10.25205/2499-9997-2022-1-198-227. (РИНЦ)
  4. Военная символика древних тюрков (по изобразительным источникам). Вестник Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия: Исторические науки. Философия. Религиоведение. 2024. №4(149). 63-87. (КОКСОН)