1. Басты бет
  2. БАҚ біз туралы
  3. ӨҢІРДІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ КЕШЕНДІ ЖҮЙЕЛЕНУДЕ

ӨҢІРДІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІ КЕШЕНДІ ЖҮЙЕЛЕНУДЕ

11.06.2025 күні Абай облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде «Жаңасемей ауданындағы тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін зерттеу: өзекті мәселелері және сақтау жолдары» тақырыбында 11 маусым күні сағат 15.00 баспасөз конференциясы өтті. 
Іс-шараға Шәкәрім университеті «Тарих және археология» ғылыми орталығының жетекшісі, тарихшы Рахметуллин Еркін Ерланұлы, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ғылыми қызметкері археолог, PhD Айтқали Азат Қалыұлы, Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, археолог Жүнісханов Айдын Сенғалиұлы және Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысының тарихи-мәдени мұрасын қорғау жөніндегі орталығы» КМҚК директоры Ахметбаев Бекзат Тілеужанұлы қатысты.
Аталған іс-шарада Жаңасемей ауданы аумағында 2025 жылдың мамыр айында жүргізілетін археологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері жария етілді. Зерттеу BR24992916 «Абай облысын кешенді тарихи-археологиялық зерттеу» ғылыми бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба жетекшісі PhD А.Қ.Айтқали.
Жаңасемей ауданы – бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының құрамында болғандықтан, ұзақ уақыт бойы археологиялық зерттеулерден тыс қалып келген. Алайда соңғы жылдары бұл өңірге ғылыми қызығушылық арта түсуде.

Конференция барысында келесі өзекті мәселелер көтерілді:
Жаңасемей ауданындағы тарихи-мәдени мұра нысандарын жүйелі зерттеу жолдары;

  • Заңсыз археологиялық жұмыстардың алдын алу;
  • Ескерткіштерді мемлекеттік қорғауға алу тетіктері;
  • Жергілікті қауымдастықты тарихи мұраны сақтау ісіне тарту;
  • Болашақтағы ғылыми, қалпына келтіру және қорғау жобаларының бағыттары.

Сондай-ақ, баспасөз конференциясында заңсыз қазылған обаларға қатысты деректер Абай облысының тарихи-мәдени мұрасын қорғау жөніндегі орталығы арқылы құқық қорғау органдарына ұсынылды.

Дереккөз: https://shakarim.edu.kz/kz/news/ongirding-arkheologiyalyq-yeskertkishteri-keshendi-zhuyyelenude


 


None
None