1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Олег Беляловты еске алуға арналған «Мәңгіліккке жанасу..» атты көрме.

Олег Беляловты еске алуға арналған «Мәңгіліккке жанасу..» атты көрме.
08 Там 2023

15-тамыз археологтар күніне орай археологиялық мұраны фотосурет арқылы «тірілте» білген фотографты еске алуға арналған «Мәңгілікке жанасу» көрме ашылады. 
Олег Белялов әрбір заттың мән-мағынасын көріп, оның «жанын» жеткізе алатын ерекше қабілетке ие еді, көне дәуірден жеткен заттарды тарихпен етене келген жанды композицияға айналдыра алушы еді. Бұған оның тек тарихты ғана емес, өсімдіктер мен жануарлар әлемін де терең білуі көмекке келді. Археология әлемі Олегті тарихи-мәдени мұра нысандары мен археологиялық экспедициялар кезінде табылған олжалардың тамаша фотосуреттер қорын құра білген саналы маман ретінде мәңгі жадында сақтайды.
Көрме Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институты мұрағатында Олег Беляловтың қорын құруға орай ұйымдастырылған. 
Көрменің ашылуында Олег Беляловты еске  алуға арналған кинорежиссер Бақыт Қайырбековтың «Солнечный ветер» деректі фильмі көрсетіледі. 
Олег Беляловты еске алуға арналған «Мәңгіліккке жанасу..» атты көрме. 
Өтетін орны: Ә. Қастеев атындағы ҚР мемлекеттік өнер музейі
Мекен-жайы: Алматы қ., Көктем-3 ықш., 22/1
Ашылуы: 2023 жылдың 15-тамызы, сағ. 11:00. 
Фильмнің көрсетілімі: 12:30-11:30.
Көрменің ұзақтығы: 15.08-29.08.2023