1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Астана қаласының мектебінде «Жас археологтар» үйірмесін ашты

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Астана қаласының мектебінде «Жас археологтар» үйірмесін ашты
09 Ақп 2023

2022-2023 оқу жылының ІІІ тоқсанынан бастап Астана қаласындағы Ә.Х. Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейінде «Жас археологтар" үйірмесі жұмыс жасап келеді. 
Үйірменің мақсаты оқушылардың зияткерлік қабілеттерін қалыптастыру, тарих бойынша білімдерін жетілдіру, азаматтық-патриоттыққа, еліміздің өткен тарихын, мәдени құндылықтарын сақтай білуге және құрметтеуге үйрету. Үйірме барысында оқушылар археология, туризм және өлкетану саласы бойынша теориялық білімдерін жетілдіре отырып, практикалық сабақ барысында ескерткіштерді анықтауды, сипаттауды және ғылыми жобалар дайындаудың қыр-сырын үйренеді.

Ежелгі адамдардың құрал-жабдықтары туралы оқулық беттерінен немесе мұғалімнің баяндауы, археологиялық жәдігерлерді өз көзімен көріп, қолымен ұстағандағыдай әсер болмайды. Сабақ кезінде жоспар бойынша әр дәуірдің қазба жұмыстары кезінде табылған олжалар көрнекілік ретінде қолданылып, сәйкесінше түйінді анықтамалар беру.

"Оқушылармен жұмыс жасау барысында олардың тарихқа деген қызығушылықтары байқалады. Археология ғылымына мектеп оқушыларының көзімен қарау, археология ғылымына үлес қосатын болашақ ғалымдарға деген алғашқы баспалдақ"  дейді үйірме жетекшісі, Археология институтының қызметкері Айқын Дүйсенбеков. Алдағы ауқымды жұмыстар арқылы өскелең ұрпаққа өткен тарихты және археологияны таныстырып, насихаттау, патриоттық тәрбие беру мектеп қабырғасында жүріп алған білімнен басталады. «Жоспар бойынша жұмыс жасау арқылы оқушылармен ғылыми тұрғыда жақсы жетістіктерге жетеміз деген үміттеміз» - дейді үйірменің келесі жетекшісі Бейбіт Айнара. Бұл үйірменің оқушыларға берері өте көп.
Археолог-мамандар мен оқушылар арасындағы тікелей қарым-қатынас жас ұрпақты отан тарихының тереңіне үңілуге және алған білімі арқылы біліктіліктерін жетілдіруге жақсы ықпал етері анық.