Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында шахмат турнирі өтті
03 Нау 2025
2025 жылдың 28 ақпанында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында Жас ғалымдар кеңесі мен Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен шахмат турнирі өтті. Зияткерлік сайысқа институт қызметкерлері мен жас ғалымдар белсене қатысып, өз шеберліктерін сынады.
Турнирге қонақ ретінде Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкерлері шақырылып, жарысқа ерекше ықыласпен атсалысты. Бұл шара қос институт арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ғылым саласындағы әріптестердің бейресми жағдайда пікір алмасуына мүмкіндік берді.
Турнирдің басты мақсаты – қызметкерлер арасында шахмат ойынына деген қызығушылықты арттыру, зияткерлік ойлау қабілетін дамыту және ғылыми ұжымның ынтымағын бекемдеу. Жарысқа қатысушылар бір-бірімен тартысты кездесулер өткізіп, өздерінің стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетті.
Жеңімпаздар
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
Құлбек Асхат – турнир чемпионы
Нұрғали Несіпбай – жүлделі екінші орын
Ахияров Ислам – үшінші орын иегері
Жеңімпаздар Археология институтының арнайы дипломдарымен марапатталып, оларға құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, барлық қатысушылардың белсенділігі ескеріліп, оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.