1. Главная
  2. Жаңалықтар
  3. Институт ғалымдарына қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді

Институт ғалымдарына қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді
12 Мау 2024

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Ерте темір дәуірінің археология бөлімінің жетекшісі, тарих ғылымдарының кандидаты Утубаев Жанболат Раймқұлұлына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2024 жылғы 16 сәуірдегі шешімімен Тарих және археология ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (Доцент) ғылыми атағы берілді.

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Тас дәуірі және ерте металл археологиясы бөлімінің бас ғылыми қызметкері Мамиров Талғат Базарбайұлына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2024 жылғы 21 мамырдағы шешімімен Тарих және археология ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (Доцент) ғылыми атағы берілді.