1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Институт ғалымы “Қазақстанның тас дәуірі” тақырыбында тарих мамандығының студенттеріне дәріс оқыды

Институт ғалымы “Қазақстанның тас дәуірі” тақырыбында тарих мамандығының студенттеріне дәріс оқыды
14 Ақп 2025

2025 жылдың 14 ақпанында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, белгілі археолог Т.Б. Мамиров Астана халықаралық университетінің тарих мамандығы бойынша білім алып жатқан 1-курс студенттеріне арналған дәріс оқыды. Дәріс "Қазақстанның тас дәуірі" тақырыбына арналды және онда еліміздің ежелгі тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі – тас дәуірінің негізгі ерекшеліктері, кезеңдері, археологиялық зерттеулері мен жаңалықтары туралы кеңінен баяндалды.

Т.Б. Мамиров студенттерге Қазақстан аумағындағы алғашқы адамдардың пайда болуы, олардың тіршілік ету дағдылары, еңбек құралдары мен мәдени дамуы туралы тың мәліметтер ұсынды. Сонымен қатар, ол тас дәуірінің Қазақстандағы археологиялық ескерткіштері мен олардың маңыздылығы жайында сөз қозғап, осы кезеңге қатысты жүргізілген зерттеулердің нәтижелерімен бөлісті. Дәріс барысында студенттерге ежелгі адамзат тарихына қатысты қызықты деректер мен ғылыми жаңалықтар ұсынылып, олар археология саласындағы өзекті мәселелермен танысуға мүмкіндік алды.

Лекция соңында студенттер археологқа көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, тас дәуіріндегі адамдардың өмірі, олардың тұрмыс-тіршілігі және сол кезеңдегі археологиялық артефактілер жайында толыққанды жауаптар алды. Мұндай дәрістер жас тарихшылардың білімін тереңдетуге, археологиялық зерттеулерге деген қызығушылығын арттыруға және тарихи танымын кеңейтуге зор ықпал етеді.