1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘДІГЕРЛЕРІНІҢ КАТАЛОГЫН ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР БАСТАЛДЫ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘДІГЕРЛЕРІНІҢ КАТАЛОГЫН ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ЖҰМЫСТАР БАСТАЛДЫ
10 Нау 2023

Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен Солтүстік Қазақстан облыстық музей бірлестігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес «Мәдени-тарихи үрдіс контекстіндегі Солтүстік Қазақстан: тас дәуірінен бастап этнографиялық бүгінге дейін» жобасы аясында Солтүстік Қазақстанның археологиялық коллекцияларының ғылыми каталогын дайындау бойынша жұмыстар жүргізіле бастады. 
Институтымыздың ғылыми қызметкерлері Б.М. Хасенова, А.М. Қайырмағамбетов және Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми-зерттеу қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Р. А. Попович музей қорындағы археологиялық материалдарды іріктеу, ғылыми өңдеу, суретке түсіру және сипаттамасын жасау сияқты жұмыстарын жүргізді.