Ғылыми мақаланы жарияланымға дайындау бойынша семинар-тренинг
12 Қан 2024
Лекторлар: т.ғ.к., ЖҒҚ Жұмабекова Г.С., т.ғ.к., ЖҒҚ Базарбаева Ғ.А.
Аннотация. Әрбір зерттеушінің және ол жұмыс жасайтын ұйымның имиджі жарияланған мақалалардың сапасына байланысты. Зерттеу жұмысының түпкілікті нәтижесі автордың қолжазбаны дайындаудағы жауапкершілігіне тікелей қатысты. Мақалада атқарылған жұмыстың нәтижесі нақты көрсетілуі керек. Семинарда қолжазбаны дайындау алгоритмдерін талқылау, сонымен қатар, мақаланы рәсімдеу барысында зерттеуші үшін туындауы мүмкін мәселелерге назар аударылады.
Өтетін орны: Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының конференция залы
Уақыты: 15.01.2024 ж. сағ: 12:00
Форматы: оффлайн/онлайн
Zoom Конференцияға кіру
https://us02web.zoom.us/j/81185345807?pwd=N0RsVVNBWTlzcE9Ba252VUNxMUpzQT09
Конференции идентификаторы: 811 8534 5807
Кілт сөз: 104095