1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. «Мәтінді дайындаудағы жиі кездесетін қателіктер» тақырыбындағы семинар-тренинг

«Мәтінді дайындаудағы жиі кездесетін қателіктер» тақырыбындағы семинар-тренинг
29 Қан 2024

Мақала мәтінін даярлау кезіндегі негізгі қағида техникалық рәсімдеу болып табылады. Қолжазбаларды тексеру кезінде жиі кездесетін қателіктер семинар барысында қарастырылады. Мақаламен танысу кезінде оның авторы мен мәтіні жайында алғашқы көзқарас қалыптасатынын ескерген жөн. Қажетсіз аралықтар, грамматикалық қателер, дұрыс бөлінген абзацтар мен сауатты рәсімделген әдебиеттер тізіміне редактор бірінші кезекте назар аударады. Семинарда археология саласы бойынша мақала мәтінімен жұмыс жасауда туындайтын маңызды жағдайлар түсіндіріледі. 


Семинардың уақыты: 01.02.2024, сағ.: 11:00
Лекторлар: Базарбаева Ғ.А., |Жұмабекова Г.С.
Өтетін орны: Ә.Х. Марғұлан ат. Археология институтының конференция залы 
Форматы: оффлайн/онлайн
Мекен жайы: Алматы қ., Достық, 44

Zoom Конференцияға қосылу сілтемесі
https://us02web.zoom.us/j/85994660595?pwd=dHhsWFc3eWF5NmkzaWxpS1RWQVhSUT09 

Конференция идентификаторы: 859 9466 0595
Код: 577163