Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында Жапония Елшісімен кездесу өтті
14 Қаз 2025
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтына Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иидзима Ясумаса мырза ресми іссапармен келді.
Сапар барысында Елші институттың археологиялық технологиялар, зооархеология және физикалық антропология зертханаларының жұмысымен, сондай-ақ архив және коллекция қорларымен танысты.
Кездесу барысында екі ел арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту, археология саласы бойынша ғылыми кадрлар даярлау, археологиялық зерттеу әдістерін жетілдіру және тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
Алдағы уақытта археология саласында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, жазғы археологиялық мектептер ұйымдастыру, жас ғалымдар мен мамандардың тәжірибелік тағылымдамаларын өткізу, сондай-ақ жаңа зерттеу әдістері мен құрал-жабдықтарды меңгеру бағытында өзара ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды.
Бұл кездесу Қазақстан мен Жапония арасындағы ғылыми байланыстарды жаңа деңгейге көтеріп, археологиялық зерттеулердің сапасы мен ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді.