Олег Беляловты еске алу құрметіне арналған «Мәңгілікпен жанасу...» атты көрме ашылды
16 Там 2023
Кеше, археологтар күнінде Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде Олег Беляловты еске алу құрметіне арналған «Мәңгілікпен жанасу...» атты көрменің ресми ашылу салтанаты өтті.
Шараның жүрек тебірентер тұсы Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Ақан Оңғарұлы мен Олегтің ұлы Алексей Белялов арасындағы әкесінің фото және бейне материалдарын Институтқа табыстау туралы шартқа қол қою сәті болды. Ақан Оңғарұлы өз сөзінде Археология институтының ғылыми архивінде Олег Белялов атындағы қор құрылатынын атап өтті.
Көрменің ашылуында Алексей Белялов, танымал реставратор Қырым Алтынбеков, Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік музейдің директоры Гүлайым Жұмабекова, танымал биолог Анна Иващенко көрме туралы, Олег Белялов туралы жылы лебіздерін білдірдіріп, естеліктерімен бөлісті.
Көрменің ашылуына орайластырып Бақыт Қайырбековтың Олег Беляловқа арнаған «Шуақты жел» фильмінің тұсау кесері болды. Фильм Айгүл Черендинова жетекшілік ететін «Мерген» киностудиясынің туындысы.
Көрме тамыздың 29 на дейін екі апта бойы Шығыс залында өтетін болады. Көрмеге келіп шабытыңызға шабыт қосыңыз!