1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Ежелгі Ақ-Ирий қаласының остеологиялық материалдары зерттелді

Ежелгі Ақ-Ирий қаласының остеологиялық материалдары зерттелді
09 Жел 2024

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты зооархеология зертханасының меңгерушісі М.С. Шағырбаев 02-07 желтоқсан аралығында BR18574223 «Мәдени-тарихи үрдіс контекстіндегі Солтүстік Қазақстан: тас дәуірінен бастап этнографиялық бүгінге дейін» жобасы аясында Петропавл қаласындағы Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған ежелгі Ақ-Ирий қаласының остеологиялық коллекциясына археозоологиялық зерттеулер жүргізді. Жануар сүйектері 2008–2024 жылдар аралығында т.ғ.к., археолог А.А. Плешаковтың жетекшілігімен жүргізілген археологиялық зерттеулер барысында жиналған. 
Жануар сүйектерін морфологиялық зерттеу барысында құрбандыққа шалынған жылқы, ірі қара, қабан, бұлан, ит қаңқалары және «тағам қалдықтары» ретінде анықталған бөлшектенген сүйектер коллекциясы талданды. Зерттеу жұмысы барысында М.С. Шагирбаев Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Тарих, экономика және құқық факультетінің студенттеріне «Археозоологиялық зерттеулер және Ақ-Ирий қаласынан табылған жылқы қаңқасы» тақырыбында лекция оқыды. 


Алғыс: Музей қорындағы сүйек коллекциясын зерттеуге ұсынған А.А. Плешаковқа, музей қорымен жұмыс істеуге мүмкіндік жасаған  Солтүстiк Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейінің директоры Г.М. Мукушеваға, музейдің археология бөлімінің меңгеруішісі Р.А. Поповичке және жануар сүйектерін камералдық өңдеу және морфологиялық зерттеуге қатысқан Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Солтүстік Қазақстан филиалының лаборанты,  Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің Тарих, экономика және құқық факультетінің 3 курс студенті А.Қ. Сыздықоваға және аталған оқу орнының студенттері С.У. Атантаева (1 курс) мен М.Т. Сарсенбайға (2 курс) алғыс айтамыз.