«Марғұлан оқулары – 2023» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
28 Нау 2023
Баспасөз хабарламасы
2023 жылдың 30-31 наурызы аралығында ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесе отырып, дәстүрлі «Марғұлан оқулары – 2023» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырады.
1989 жылдан бері өткізіліп келе жатқан «Марғұлан оқулары» археология саласындағы дәстүрлі конференцияның бірі. Конференция ғылыми қауымдастық арасында далалық зерттеулер қорытындысымен бөлісетін, талқыға салатын, ежелгі және ортағасырлық тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және насихаттау саласында ғылыми әріптестікті кеңейтетін, халықаралық ынтымақтастықты нығайтатын алаңға айналды.
Конференция Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің ғылыми жобасын орындау аясында өткізіледі.
2023 жылғы конференция жұмысында 133 ғылыми баяндама тыңдау жоспарлануда. Конференция жұмысы келесі басты бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- Ежелгі археология
- Ерте темір дәуірі археологиясы
- Орта ғасыр археологиясы
- Археологиядағы пәнаралық зерттеулер
- Тарихнама, ескерткіштерді сақтау мен музей қызметінің мәселелері
Конференция жұмысына еліміздің жетекші ғалымдары, сондай-ақ Германия, Белгия, Австралия, Франция, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан және Армения ғалымдарының тікелей және қашықтан қатысуы күтілуде.
Конференция аясында «Қазақстанның археологиялық мұрасын зерттеу мен сақтаудың өзекті мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізіледі. Онда археолог-мамандар, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен жергілікті атқарушы орган өкілдері Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтаудың өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылайды.
Конференцияның өтетін орны:
Алматы қ-, Әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық университеті,
Әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат. Үлкен зал
(Әл-Фараби даңғ. 71/27)
Іс-шараның басталуы: 30-наурыз, сағ. 10.00.
Байланыс үшін:
Айдын Жунисханов + 7702 412 4730 E-mail: mail@archeo.kz
Татьяна Николаевна Лошакова, +7 777 5646324. E-mail: margulan_conf@archeo.kz
Онлайн қатысушылар үшін
https://us02web.zoom.us/j/87867835475?pwd=VEFxekdxT0RWNlhxRUFsWi9xU3p4dz09
Идентификатор конференции: 878 6783 5475
Код доступа: 66978
Бағдарлама / Программа / Program
