Баспасөз хабарламасы "Марғұлан оқулары - 2025"
26 Нау 2025
2025 жылдың 26–28 наурызында Алматыда «Марғұлан оқулары – 2025» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.
Қазақстандағы археологиялық зерттеулердің жаңа нәтижелерін ғылыми айналымға енгізу және оларды зерттеудің заманауи әдістерін ілгерілетуді мақсат тұтқан бұл ғылыми алаң дәстүрлі түрде 1989 жылдан бері өткізілуде.
2025 жылғы конференция жұмысында Қазақстандағы 2024 жылғы далалық зерттеулердің нәтижелері, пәнаралық зерттеулердің (палеоантропология, палеогенетика, археометаллургия, зооархеология, археоботаника, ГАЖ, цифрлық археология мен жасанды интеллект) басты қорытындылары талқыланады.
Конференция аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Құрылтайдың Түркістан мен Атыраудағы отырысында берген тапсырмаларын орындау бойынша «Қазақстан археология ғылымын дамытудың тұжырымдамасын талқылау» және «Қазіргі уақыт сынындағы Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасы» атты екі дөңгелек үстел отырыстары өтеді.
Іс-шараны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және ҚР Ұлттық музейі ұйымдастыруда.
Биылғы конференция жұмысына Қазақстан, Франция, Германия, Корея, АҚШ, Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінен 150 ғалым қатысады.
Өтетін орны:
Алматы қ., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, әл-Фараби кітапханасы, 4-қабат
Өтетін уақыты:
2025 жылдың 27-28 наурызы, сағ. 10:00–17.00.
Байланыс:
Қасенова Әсемгүл Дәуренқызы
ұ.т.: +7 (707) 518-12-30
е-mail: asema_94@mail.ru
Айдын Жүнісханов
ұ.т.: +7 702 412 4730
е-mail: mail@archeo.kz
"Марғұлан оқулары – 2025". Бағдарлама
"Margulan Readings – 2025". Program