Қазақстанның ғылым күніне арналған дөңгелек үстел өтті
23 Мам 2022
13 сәуірде «Марғұлан оқулары – 2022» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының ұйымдастыруымен «Қазақстанның ежелгі тарихын зерттеудегі археология мен генетика мәліметтерін интеграциялау мәселелері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Шара Қазақстанның ғылым саласы қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге генетика, археология, антропология және тарих саласындағы отандық және шетелдік мамандар қатысты. Дөңгелек үстелде қазақстандық палеогенетиканың өзекті мәселелері талқыланып, генетикалық және археологиялық зерттеулерден алынған мәліметтерді біріктіруге ерекше назар аударылды.
Шара барысында археология және генетика мамандары бірлескен зерттеулер аясындағы ынтымақтастықтың проблемалары мен перспективаларын талқылады, Қазақстанның палеогенетика саласындағы пәнаралық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.







