«Қазақстан палеолиті және экспериментальды археология тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтті
26 Там 2023
15 тамыз күні Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтында Отандық палеолит тану саласының негізін қалаушы Хасан Алпысбаев Алпысбайұлының 95 жылдығына орай «Қазақстан палеолиті және тәжірибелік археология тәжірибесі» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараға Археология институтының қызметкерлері, Франция мен Ресейден келген әріптестер қатысты. Шараға қатысушылар палеолит дәуірінің ескерткіштерін зерттеудің заманауи әдістерін, соның ішінде Рахат тұрағында жылқы етін тас құралдармен жіліктеудің толық циклін қайта құру бойынша өткен бірлескен тәжірибені талқылады.
Сондай-ақ, дөңгелек үстелде Қазақстан археологиясының айтулы тұлғаларының бірі Хасан Алпысбаевтың еңбегі туралы көп айтылды. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Ж.Қ. Таймағамбетов өзінің ұстазы Хасан Алпысбаевтың еңбек жолымен, ғылыми жетістіктері туралы баяндады. Тас дәуірі археологиясы бөлімінің қызметкерлері Х.А. Алпысбаевтың ғылыми-шығармашылық жолын баяндайтын биобиблиографиялық еңбекті биыл баспадан шығаруды жоспарлап отыр.