1. Басты бет
  2. Жаңалықтар
  3. Ә. Х. МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ МЕН МОҢҒОЛИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ (ҰЛАНБАТЫР, МОҢҒОЛИЯ) АРАСЫНДА ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Ә. Х. МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ МЕН МОҢҒОЛИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫ (ҰЛАНБАТЫР, МОҢҒОЛИЯ) АРАСЫНДА ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
15 Нау 2023

2023 жылдың 13-наурызында Алматыда Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директоры, т.ғ.к. Ақан Оңғарұлы мен Моңғолия Ұлттық университетінің Археологиялық зерттеулер орталығының директоры, т.ғ.к. Цагаан Турбат екі ұйым арасында ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

Меморандум аясында Археология институты мен Археологиялық зерттеулер орталығы арасында Еуразия археологиясының әр тарихи кезеңдерін қамтитын ортақ ғылыми жобалар мен бағдарламаларды дайындап жүзеге асыру және далалық өркениеттің қола дәуірінен кейінгі ортағасырларға дейінгі ортақ тарихтағы мәдени-тарихи процестерді бірлесе зерттеу бойынша бірлескен жұмыстар атқаруға уағдаласты. Сондай-ақ, ынтымақтастық меморандумында ескерткіштерді сақтау мен қорғау мәселесінде тәжірибе алмасу, ғылыми зерттеу нәтижелерімен бөлісу және т.б. көптеген бағыттар бойынша іс-шаралар ұйымдастыру мәселелері қамтылды.