Археология ғылымындағы зооархеологиялық зерттеулер бойынша семинар өтті
16 Қаз 2023
Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институты, Зооархеологиялық зертхана меңгерушісі Шағырбаев Мәмбет «Қазақстан тарихындағы ғұн-сармат дәуірі: пәнаралық зерттеулер, анализ және реконструкция» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру жобасы аясында 26 қыркүйек күні археология ғылымындағы зооархеологиялық зерттеулердің мәселелері мен перспективалары бойынша далалық семинар өткізді. Семинар жұмысы Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданындағы Берел қорық-музейінің базасында ұйымдастырылды. Семинарға Берел қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері, аудандық білім мекемелерінің тыңдаушылар қатысты.
Семинар аясында М. Шағырбаев Берел қорымындағы Сяньби кезеңімен мерзімделетін жерлеу орындарынан табылған жылқы қаңқаларына морфометриялық талдаудың негіздерімен таныстырды.