1. Басты бет
  2. Филиалдар
  3. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Солтүстік Қазақстан филиалы

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Солтүстік Қазақстан филиалы
15 Ақп 2023

Солтүстік Қазақстан филиалы 2021 жылдың 22 сәуірінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы және Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының бас директорының шешімі негізінде қүрылды.

Филиалдың негізгі мақсаты Солтүстік Қазақстан өңірінде археология саласында гылыми зерттеулер жүргізу арқылы ежелгі дәуірдегі мәдениет пен тарихи үдерістерді жаңғырту. 

Филиал өз қызметінде Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарындағы археологтардың ғылыми әлеуетін біріктіріп, аймақтағы зерттеулерді жаңа деңгейге көтеруді және тарихи-мәдени мұраны зерттеу, сақтау және насихаттаумен айналысатын жоғары оқу орындары, облыстық өлкетану мұражайлары және басқа да ғылыми ұйымдардың жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады.

Филиадың негізгі ғылыми бағыттары Палеолит дәуірінен орта ғасырларга дейінгі археологиялық мәдениеттер мен ескерткіштерді кешенді зерттеу негізінде Қазақстан аумағындағы тарихи процестің заңдылықтарын зерттеу және Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін есепке алу, сақтау және пайдалану.

Филиал қызметкерлері ҚР Білім және жоғары білім министрлігінің Іргелі ғылыми зерттеулер бағдарламасы аясында «Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан: археологиялық деректерді жүйелеу және талдау», «Мәдени-тарихи үдерістер контекстіндегі Солтүстік Қазақстан: тас дәуірінен этнографиялық кезеңге дейін» және т.б. ғылыми жобаларды жүзеге асыруға қатыстады. 

  1. Қиясбек Меруерт – филиал директоры
  2. Шульга Валерий Александрович
  3. Кучеров Павел Юрьевич
  4. Оразбаева Адия

Қызметкерлер

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Солтүстік Қазақстан филиалының офис-менеджері
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Солтүстік Қазақстан филиалының аға ғылыми қызметкері
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Солтүстік Қазақстан филиалы директоры