1. Басты бет
  2. Филиалдар
  3. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалы

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалы
15 Ақп 2023

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана қаласындағы филиалы 2010 жылы құрылды. Филиалдың авторы тарих ғылымдарының докторы, профессор З.С. Самашев. Филиал елдің солтүстік аймақтарында археологияның дамуына жаңа серпін беріп, ғылыми қызметті ұйымдастыру мен қаржыландырудың түбегейлі жаңа формаларына көшкен кезде жаңа археолог мамандарды даярлауға ықпал етеді. 

Түрлі жылдары филиалды А. Оңғар, Д.А. Байтелу, Т.Б. Мамиров, А. Айтқали басқарды. Қазіргі уақытта филиалдың директоры – т.ғ.к. Әзілхан Тәжекеев. 

Филиал құрылған сәттен бастап халықаралық интеграциялық процестерге белсенді қатысып келеді.  Ресей, АҚШ және Германияда бірнеше халықаралық ғылыми конференциялар мен әртүрлі іс-шараларды ұйымдастырды. 2012 жылы Нью-Йорк университетінің Ежелгі әлемді зерттеу институтымен және АҚШ Смитсон институтымен бірлесіп, Нью-Йорк және Вашингтон қалаларында "Көшпелілер және олардың кеңістіктегі байланыстары" атты халықаралық көрме ұйымдастырды. 2013 жылы Бохум қаласында (Германия) Германия тау-кен музейі және Германия археологиялық институтымен бірлесіп "Белгісіз Қазақстан. Азия жүрегіндегі археология" атты ауқымды көрме мен конференция өтті. 

2011 жылдан бастап филиал қызметкерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі өткізетін конкурстар шеңберінде гранттық қаржыландыру бағдарламасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға белсенді қатысуда. Филиал құрылған жылдар ішінде келесі жобалар жүзеге асырылды:

  • «Қазақстан даласындағы ежелгі және ортағасырлық мәдени-тарихи процестер: дәстүрлер мен инновациялар»;
  • «Қазақстан археологиясы бойынша материалдар мен зерттеулер»;
  • «Мұғалжардың кен орындары және археометаллургия: аймақтың палеометалл дәуіріндегі мыс рудасын игеруді пәнаралық зерттеу»;
  • «Палеометалл дәуіріндегі қоныстар (Айтман, Манайсор I–III)»;
  • «Ұлы дала салт аттылары: дәстүрлер мен жаңалықтар»;
  • «Тарбағатайдың сақ аристократиясының ескерткіштері»;
  • «Шығыс Қазақстанның ежелгі дәуірлері: ғұн-сармат дәуіріндегі мәдени-тарихи процестер»;
  • «Қазақ Алтайының түркі мұрасы: дін және дүниетаным»;
  • «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Мәдени мұра" Стратегиялық Ұлттық жобасы бойынша тарихи-мәдени мұра объектілеріне археологиялық зерттеулер». 

Филиал «Қазақстан археологиясы бойынша материалдар мен зерттеулер», сондай-ақ «Астана қаласындағы Археология институты филиалының еңбектері» атты үш тілде сериялық басылымды шығарып отырды, онда ескі жарияланбаған материалдар мен Қазақстан археологиясы бойынша жаңа зерттеулер ғылыми айналымға енгізілді. Бұл басылымдар ежелгі тарих мәселелерімен айналысатын отандық және шетелдік ғалымдарға бұрын қол жетімсіз болған мәліметтерді алуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта институт осы басылымдарды қайта шығаруды жоспарлап отыр. Өз қызметінде филиал елдің әртүрлі аймақтарында далалық зерттеулерді кеңейтуге және Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық халқының даму көрінісін қалпына келтіру үшін негіз болатын жақсы құжатталған археологиялық дереккөздерді қалыптастыруға, сондай-ақ отандық археология мен тарихтың өзекті мәселелерін шешуге ұмтылады. 

Филиал құрамында 12 қызметкер жұмыс істейді, олардың арасында 2 тарих ғылымдарының кандидаты және 5 Ph.D бар.

 

 

Қызметкерлер

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана филиалының Ғалым хатшысы, PhD. Мекен-жайы: Астана қ., Бейбішілік көшесі 25, каб. 405. Телефон: +7 707 926 1984
Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Астана филиалы директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, PhD. Адрес: Астана к., Бейбішілік көшесі 25, каб. 405. Телефон: +7 707 250 0495, +7 701 250 0495. E-mail: a.tazhekeyev@gmail.ru