1. Басты бет
  2. Экспедициялар
  3. Серектас-2 қонысында археологиялық зерттеу жұмыстары жалғастырылуда

Серектас-2 қонысында археологиялық зерттеу жұмыстары жалғастырылуда

Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Тас дәуірі және ерте металл археология бөлімінің меңгерушісі PhD доктор Ержанова Альбина Ергешбайқызының жетекшілігімен Алматы облысы, Жамбыл ауданына қарасты Қарабастау ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 17 шақырым жерде орналасқан Серектас-2 қонысында археологиялық зерттеу жұмыстары 2025 жылдың далалық маусымында өз жалғасын тапты. 
Серектас-2 қонысы Қола дәуірінен ерте темір дәуіріне өтетін кезен ескерткіші. Археологиялық зерттеу аясында ескерткіштің құрылымы, Жетісу өңірінің ежелгі тұрғындарының шаруашылық жүйесі, мәдени-рухани өмірі зерделенетін болады. Айта кетерлік жәйт, 2024 жылғы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Серектас кешенінің тасқа қашалып салынған ежелгі көшпелілер дәуіріне жататын киіз үйдің суреті табылған болатын. 
Далалық зерттеу жұмыстары «Ежелгі және ортағасырлардағы Алматы: археологиялық мұраны зерттеу және сақтау» (жоба жетекшісі – т.ғ.к. Мамиров Т.Б.) атты ҚР ҒЖБМ ҒК-нің ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы аясында жүзеге асырылуда.