1. Басты бет
  2. Экспедициялар
  3. Ұлытау өңіріндегі археологиялық ашылымдар

Ұлытау өңіріндегі археологиялық ашылымдар

Ә.Х. Марғұлан атындағы археология Институты, ерте темір дәуірі археологиясы бөлімнің жетекшісі т.ғ.к., Ж. Утубаевтың басшылығымен 2024 жылғы далалық маусымдағы жұмыстар Ұлытау ауданына қарасты, Байқоңыр 1, Лақпай 2 және Қызыладыр 1 ескеркіштерінде жүрді. Зерттеу жұмыстарына институттың ғылыми қызметкерлері Б. Әлибай, Ж. Сатулганов қатысты.

Археологиялық қазба-зерттеу жұмыстары «Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Тарихи- мәдени мұраны сақтау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» қаржыландыруымен жүргізілді.

Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ежелгі және ортағасырлық көшпелілердің дүниетанымдарынан мағлұмат беретін бір қатар заттай деректер табылды. Сондай-ақ, барлау жұмыстары кезінде мұртты обалар мен бірнеше жерлеу ескерткіштері секілді жаңа нысандар анықталды.