1. Басты бет
  2. Экспедициялар
  3. Айдарлы-VI қорымындағы жаңа зерттеулер

Айдарлы-VI қорымындағы жаңа зерттеулер

Биылғы жылдың далалық маусымында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының  Мониторинг және күзет археологиясы тобының экспедициясы Сарыарқаның төсіндегі қола дәуірінің Айдарлы – VI жерлеу ескерткішінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Кешен ғалымдардың қызығушылығын өткен ғасырдың ХХ жылдарынан бері тудырып келеді.

Ескерткіштің зерттелуіне Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мәдениет басқармасының "Тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығы" КММ бастамашы болды. Зерттеу барысында қола дәуірінің бірегей олжалары табылды, құжаттаудың жаңа әдістері қолданылды, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдарының әдістерімен зерттеу үшін сынамалар алынды.