1. Басты бет
  2. Экспедициялар
  3. Құрайлы асар қорымындағы археологиялық зерттеулер

Құрайлы асар қорымындағы археологиялық зерттеулер

ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің 2023–2024 жж. бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруы шеңберінде, «Қазақстан тарихындагы ғұн-сармат кезеңі: пәнаралық зерттеу, талдау және қайта жаңғырту» жобасы (жетекшісі Оңғар А.) аясында Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының Арал маңы отряды (жетекшісі Тәжекеев Ә.Ә.) Жетіасар мәдениетінің ескерткіштеріндегі зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. 

2023 жылы археологиялық қазба нысаны ретінде Құрайлы асар қалашығы маңындағы обалар тобы таңдалып алынған болатын. Жүздеген обалары бар қорымдарды үлкен үш топқа бөлінеді. Олардың ішіндегі ең ірісі – қалашықтан шығысқа қарай және Ескідариялықтың арнасында орналасқан №1 обалар тобы. №2 обалар тобы қалашықтың оңтүстігі мен батысын бөліктерін жағалай жайылып жатыр. №3 топтағы обалар алдыңғы екі топпен салыстырғанда қалашықтың бекініс қабырғаларынан алыс орналасқан. Бұл топты екі бөлікке бөліп қарастыруға болады: біріншісі – қалашықтың солтүстік-шығысында (үлкенірек), екіншісі – қалашықтың оңтүстігінде (кішірек) орналасқан.

Биылғы археологиялық қазба жұмыстары №3 обалар тобының екінші бөлігінде (Құрайлы-асар қалашығынан оңтүстікке қарай 500 м жерде орналасқан) 3 оба мен 1 сағанада жүріп жатыр.