1. Главная
  2. СМИ о нас
  3. Археология ғылымы дала зерттеулерімен шектелмейді

Археология ғылымы дала зерттеулерімен шектелмейді
03 Фев 2023

Археология ғылымы дегенде қазба жұмыстары, дала экспедициялары еске түседі. Көне даланың ғажайып қа­зы­насы жайлы деректерді паш ететін ғылымның қыр-сырына қаныққан мамандар археология ғылымы далалық зерттеулермен шектелмейді деген пікірде. Зертханалық жұмыстармен қатар антропология, палеогенетика, геоархеология, археология­лық минералогия, остеология, археометаллургия, палеоботаника, геофизика және басқа да нақты және гума­нитарлық ғылымдарды бірік­тіре отырып, ежелгі дүниенің бізге беймәлім әлемінен сыр шертетін ғылымды дамы­тудың еліміздегі мүмкіншілігі зор.

Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты дирек­то­рының ғылым жөніндегі орын­басары Талғат Мамыров Өңірлік коммуникация орталы­ғын­да өт­кен жиында қазба жұ­мыс­­та­ры­ның маңыздылығы, ға­лым­дар­­дың табанды ізденістері туралы деректермен бөлісті.

Талғат Мамыровтың айтуын­ша, жаз мезгілі қазба жұмыс­тарының қызатын шағы. Қазіргі уа­қытта археологтердің көп­ші­лі­гі жазықта, экспедицияларда, археологиялық орындарда қазба жұмыстарын жүргізіп, жаңа нысандарды іздестіруде. Десек те, бірқатар ғылыми бағытты бір зерттеу аясына тоғыстырумен ерекшеленетін археология саласында білікті мамандар аз. Елімізде археолог мамандарды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Еуразия ұлттық университеті, Е. Бөкетов атындағы Қара­ған­ды университеті, Х.Яс­а­­уи­ атындағы Халықаралық қа­зақ-түрік университеті және Қорқыт ата атындағы Қызылорда уни­вер­ситеті сияқты оқу орындары дайындайды. Ал нағыз археолог болу үшін ба­за­лық біліммен қатар осы іске деген ынта-жігер қажет.

«Қазіргі кезде елімізде 15 архео­логиялық жасақ жұмыс іс­теу­де. Экспедициялар тас, қола ғасырды, ерте темір ғасырды және орта ғасыр дәуірін қамтитын бағыттар бойынша іске асып келеді. Осы маусымда Ақтөбе облысының аумағында қоладан құйылған металлургиялық пештер табылған. Металлургиялық олжалар негізінен Орталық Қазақстан аумағынан анықталса, археологиялық отрядтар жұмы­сы­ның нәтижесінде тау-кен ісінің басқа өңірлерде де дамығаны белгілі болды. Осы орайда Шы­ғыс Қазақстан облысы, сон­дай-ақ Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Тасқопа қоры­мы­нан сармат жауынгерін қайта реконструкциялау жұмыстарын айтуға болады», деп атап өтті Т. Мамыров. Ал ел аймақ­та­ры ішінде Алматының архео­ло­гиялық сипаты ерекше. Оған осы өлкеден табылған көне ескерт­кіштер айғақ. Әсіресе қала­да орта ғасыр ескерт­кіші өте көп. Темір ғасырының қорған­да­ры мен елді мекендері жиі кездеседі. Алма-Арасанда көне қала­шықтардың орындарын кез­дес­тіру, қаланың жоғарғы бөлі­гінен археологиялық олжа­лар­дың көптеп табылуы ғажап емес.

Қазіргі кезде аталған инсти­тут базасында «Этномәдени зерт­­теулер контекстіндегі «Ұлы да­ла» және «Қазақ даласындағы Мәдени генезис: археологиялық дереккөз деректері бойынша ма­териалдық және рухани мұ­ра­лардың сабақтастығын зерттеу­ге байланысты» жобалар іске асуда. Биыл ғалымдар Батыс Қазақстан, Орталық Қазақ­стан­ның тау-кен ісі және металлур­гия­сы, Сырдарияның тө­мен­гі ағысындағы ерте темір дәуі­рі­нің ауылдық қоныстары: шар­уа­­шылық және тұрмысы, Ор­та­ғасырлық төрткүлдер және Талас алқабының мәдени ланд­шафты, Алтын Орданың кеш ортағасырлық қалалық мәде­ниеті. Шаруа (Кинчат) және Аспара (XIII–XVI ғғ.) қалашық­та­рының мысалындағы ізде­ніс­тер мен археологиялық зерттеу­лер және «Бурабайдағы қола дәуірінің мегалитикалық сәулет ескерткіштеріне» қатысты 6 ғылыми-зерттеу жобаларына қатысты. Т.Мамыров атап өткендей, мамандар көпжылдық да­лалық зерттеулер кезінде алын­­ған археологиялық топта­ма­лар­ды талдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Көптеген топтама белгілі бір себептерге байланысты өңделмей келді. Ендігі кезекте институт қыз­меткерлері табылған бұйым­дар­ды толығымен түген­деп, сипаттау және ғылыми айналымға енгізу жағына мән беретін болады.

Қазақстан археологтері үшін дәстүрлі Марғұлан және Ақын­жанов оқуларының маңызы ерек­ше. Марғұлан оқулары – Қазақстанның және шетелдердің жетекші археологтері үшін есеп берумен ғана шектелмей, да­ла­лық және теориялық зерт­теу­лердің нәтижелерімен танысып, археология саласындағы негізгі мәселелерді талқылайды. Ал Ақынжанов оқулары – жас ға­лымдар мен студенттерге архео­­логияға алғашқы бас­пал­дақ іс­петті. Алғашқы «Ақын­жа­нов оқуларына» қатыс­қан жас ға­лым­дар бүгінде өз өмі­рін археология ғылымымен байла­ныс­тырған. Биыл «Ақынжанов оқуларын» Әл-Фараби және «Есік» мем­ле­кеттік мұражай-қо­рығы қазақ­стандық ғылым апта­­лығы аясында Архео­логия институты Әл-Фараби атын­дағы ҚазҰУ-дың тарих факультетімен бірлесіп өткізді. Осы жылдан бастап қа­тысушылардың географиясы ке­ңейіп, алыс-жақын ше­тел­дер­дің оқу орындары, ғы­лы­ми орта­лықтарының зерт­теу­шілері арасында тығыз байланыс ны­ғайып келеді. Институт сонымен бірге Ресей Археология институты, Кореяның мәдени мұрасы институты, Нью-Йорк және де басқа институттармен бірлесіп, халықаралық жобаларды іске асыруда.

Дереккөз Егемен Қазақстан